Сәрсенбі, 3 Маусым 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 11796. Жазылғандар — 5941. Қайтыс болғандар — 44
1775 1 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 16:51

Мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

«Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Жиынға Премьер-министр Асқар Мамин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасарлары – Бердібек Сапарбаев пен Жеңіс Қасымбек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Кеңес барысында Президентке республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі параметрлері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет жобасының теңгерімді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттің кірісін одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға, Есеп комитетімен өзара тығыз ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ негізсіз имидждік және консалтингтік шығындарды қысқартуға шақырды.

Соңында Мемлекет басшысы Үкіметке бюджет үдерісіне бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша тиімді әрі маңызды жобаларды қаржыландыруы тиіс.

Abai.kz

1 пікір