Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Аңыз Абай 4728 1 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 17:06

Президент Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы Қаулыға қол қойды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

2020 жылы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық  және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Мемлекеттік комиссия:

1) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығының 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                             Қ.Тоқаев

Abai.kz

1 пікір