Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4129 6 пікір 21 Тамыз, 2019 сағат 12:16

Президенттің ұрпағы

Францияның президенті болған (1948-1955) Луиджи Эйнаудидің немересі Людовико Эйнауди бүгінде әлем мойындайтын атақты пианист. "1+1" трагикомедиясын көрген шығарсыз, сол киноға саундрек жазған композитор.

Айтайын дегенім - күні кеше істі болған әкесі үшін күресіп жүрген Қадыр Атамбаевқа ырза болдым. Кешегі тұрымтайдай ұлдың сөз саптасы, сауатты сөйлеуі, кеше СДПК қатарына қосылып саясатқа араласуы - бәрі орынды.

Президенттен де пәрменді қайраткер, әлемді аузына қаратқан өнерпаз туа береді екен ғой. "Бір ұл бар - әкесінен өте туады" деген осы да?!

Дәурен Дариябектің facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір