Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3610 1 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 16:01

Қызылордалық спортшы таеквондодан топ жарды

Өзбекстанның Ташкент қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында Əлем чемпионатында қызылордалық Айша Әділбекқызы күміс жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Айтулы додаға әлемнің 65 елінен таеквондошылар келген. Бәсекеде Сыр өңірінің спортшысы, 14 жасар Айша Əділбекқызы Əлем чемпионатының күміс жүлдесін қанжығаға байлады. Естеріңізге сала кетейік, бұл медаль аймақ тарихында таеквондодан алғашқы жүлде болып отыр.

– Жарыс оңай болмады. Бірақ бар күш-жігерімді салып, намысқа тырыстым. Енді қазан айында Атырауда өтетін балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы ел чемпионатына қатысамын. Əрине əр спортшының арманы - Олимпиада чемпионы болу. 2022 жылы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында бағымды сынап, көк туды желбіретсем деймін. Ол үшін еке есе еңбектенуім керек, - дейді сырбойылық спортшы ару.

44 келіде өнер көрсеткен Айша барлық қарсыластарын қапы қалдырып, тек финалда иран спортшысына жол берген. Жас спортшы 7 жасынан бастап таеквондомен шұғылданады. Ол 15 ОРМБЖМ спортшысы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы жəне жүлдегері. Спортшының бапкерлері – Нұржан Тоғанов пен Аман Жакудаев.

Abai.kz

1 пікір