Жұма, 19 Сәуір 2024
6135 12 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 18:46

Дана Нұржігіт Сенат депутаты болып тағайындалды

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

"Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Андрей Иванович Лукин, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен, Дана Өмірбайқызы Нұржігітова, Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды", делінген ресми хабарламада.
Abai.kz
12 пікір