Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
2593 0 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 19:37

Агроөнеркәсіптің әлеуеті артып келеді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жыл сайын Қазақстан халқына арнап жолдайтын Жолдауының маңызы өте жоғары. Онда ел өміріне өте қажетті әр сала толық қамтылады. Өнер-білім саласы, денсаулық, тұрмыс сапасының өсуі және халық табысының өсуі жан-жақты қамтылады.

Қазақстан өңірі ауылшаруашылығын дамытуға аса қолайлы. Мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысқан қазақстандықтардың табысы жылдан-жылға артатын болады.

Бәріміз білетіндей, өткен жылы бесінші қазазанда Қазақстан халықына арнап Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялады. Онда ел үкіметіне, әкімдерге, өзге де жауапты басшыларға ел халқының тұрмытық әл-ахуалын жоғарлату бағытында жасалуы тиіс жұмыстар жайлы айтылды.

Осы жолдаудың бірінші тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталады. Бұнда Елбасы халықтың табысын арттыру үшін жасалатын жұмыстарға тапсырма берді. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз деп атап өтті Елбасы.

Жолдаудың бірінші тарау бесінші тармағында "Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек" делінген. Осы бөлімде елімізде ауылшаруашығын дамытудың айқын жолкартасы көрсетілген деуге толық негіз бар.

"Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын", - дейді Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Елбасының әр тапсырмасы ескерусіз қалған емес. Атқарушы билік өкілдері Елбасының бастамаларын басты назарда ұстап, жүзеге асырады. Енді осы бағытта толықырақ айтайық. Қазақстанда халықтың агроөнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылуы және жұмысшылардың еңбек заңдылығының сақталуы қандай? деген сұрақтарға ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жауап табылды.

Үкімет отырысында сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аталған салада өткен жылғымен салыстырғанда көрнекті өсім бар екенін айтты. Оның айтуынша, 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 миллиард теңгеден 1063,5 миллиард теңгеге дейін артқан. Бұл бұрынғыдан 10,5 пайызға өсті деген сөз.

Кейінгі жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалып отыр. Атап айтқанда, сиыр етін өндіру 477 мың тоннаны құрады, бұл ішкі тұтынудың 98 пайызын қамтамасыз етеді. Тиісінше қой еті 150 мың тонна, шошқа еті 86 мың тонна болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3 мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құрады. Ал сүт өндіру көлемі 5,7 миллион тоннаны құрады. Ірі қара малдың саны 7,2 миллион басқа дейін, қой 18,7 миллион басқа дейін, жылқы 2,6 миллион басқа дейін, құс 44,3 миллион басқа дейін өсті.

"5 жыл ішінде тұтынудың тұрақты өсімі арқасында құс етін өндіру көлемі 40 пайызға артып, 192 мың тоннаны құрады. Бұл ретте құс етін тұтыну да жоғары қарқынмен өсуде. Өнімдік жұмыртқаны экспорттау қарқыны өсуде, сондықтан өткен жылдың қорытындысы бойынша 850 миллион дана жұмыртқа экспортталды", - дейді Министр.

Еліміздің кейбір өңірінде халықтың негізгі күн көрісі тікелей ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты. Сондықтан, егіндіктерді сумен қамтамасыз ету және мал шаруашылығына тиісті субсидия берудің маңызы жоғары. Бұның бәрі Елбасы Жолдауында айтылған істер.

Осы бағытта жақын болашақта елде су қоймаларын салу, сондай-ақ суды ұтымды пайдалануға бағытталған маңызды жобалар іске асатын болады. Атап айтқанда, ирригациялық және дренаждық желілерді жетілдіру жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы суды 30 пайызға дейін үнемдеу және жерасты көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолданудың маңызы мол.

Қалай болғанда да Қазақстан халқының тұрмыс сапасының жақсарып, табысының артуы үшін Елбасы тапсырмалары толығымен орындалуы керек. Сол қатарда көп қазақстандықтың табыс көзі болған ауылшаруашылығын дамыту жұмысы тыңғылықты қолға алынуы керек. Ол Елбасының Жолдауында анық айтылған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2272
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2624
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1716