Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2937 0 пікір 2 Шілде, 2019 сағат 10:47

Көпбалалы отбасылар мемлекет қамқорлығында

Еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – көпбалалы аналарға қатысты. Бүгінде Қазақстанда төрт және одан да көп баласы бар жанұялар көпбалалы отбасылар санатына жатады. Ал, еліміз бойынша, көпбалалы отбасылардың саны 340 мыңнан асады.

Екі ай бұрынғы есеп бойынша, көпбалалы отбасылар дың көшін Түркістан облысы бастап тұр. Бұл өңірде бүгінде 86 585 көпбалалы отбасы тіркелген. Одан кейінгі статистика былай жалғасады:

Алматы облысындағы көпбалалы отбасылар саны - 40 218,

Жамбыл облысы – 30 040

Шымкент қаласы – 27 091

Қызылорда облысы – 23 551

Маңғыстау облысы – 23 042

Атырау облысы – 16 165

Алматы қаласы – 13 775

Астана қаласы – 13 721

Ақтөбе облысы – 13 387

Қарағанды облысы – 12 670

Шығыс Қазақстан облысы – 12 576

Ақмола облысы – 7 205

Батыс  Қазақстан облысы – 6 912

Павлодар облысы – 5 174

Қостанай облысы – 5 086

Солтүстік Қазақстан облысы – 3 183

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылдың 27-ақпан күнгі “НұрОтан” партиясының XVIII сьезінде “Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі отбасыларға 20 789 теңге беріледі” деді.

Одан бөлек, мүгедек балалардың күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы өсетіні белгілі болды. Яғни, бұл атаулы көмек 10 мың теңгеге көбейген. Сонымен қатар, денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істей алмайтын 100 мыңнан астам азаматтарға жәрдемақы төленетіні айтылған.

Айта кетейік, бұл жеңілдікке тұрақты тіркеуде тұрмаған азаматтар ілінбейді. Ал, аналардың тұрғын үймен қамтылуы үшін бірқатар көмектер ұсынылған:

1.Тұрғын -үй құрылысы мақсатында жер телімдері қарастырылады.

2.Баспана алу үшін бастапқы жарнасына субсидия бөлінеді.

3.Ірі компаниялар мен кәсіпорын есебінен пәтерлер қарастырылады.

4.Жалдамалы пәтерлер тұрғын үй ретінде беріледі.

Бүгінде бұл кезекте 487 мың адам кезекте тұрған көрінеді. Олардың ішіндегі көпбалалылар саны – 28 мыңнан асады. Ал, 2025 жылға дейін қырық екі мыңға жуық пәтерлер салынады. Демек, еліміздің тұрғындарының баспанамен қамтылу деңгейі біршама өспек.

Ал, ауылда тұратын көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шағын несиелер берілмек. Яғни, енді ауылдағы жеке бизнесін ашуды мақсат тұтқан 5 мың адамға 505 мың теңге көлемінде шағын несие берілмек. Ол – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болмақ.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап, айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 2 525 теңгені құрады. Ал, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 108 теңге болды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге болса, базалық зейнетақы төлемі – 16 037 теңгені құраған. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгені құрап отыр.

Одан бөлек көпбалалы аналарға тағы бірнеше жеңілдіктер қарастырылған.

Мәселен, биылдан бастап үшінші балаға дейінгі жәрдемақы 95 950 теңгеге көтерілді. Одан кейінгі балаларға төленетін жәрдемақы – 159 075 теңгені құрайды.

Және, “Алтын алқа” мен “Күміс алқа” алған аналар жер және көлік салықтарынан босатылады. Кейбір заңнамалық іс-әрекеттерді жасау барысында мемлекеттік баж салығын да төлемейді.

Сонымен қатар, бес баласы бар және оларды сегіз жасқа дейін өзі тәрбиелеген аналар мерзімінен бұрын, яғни, 53 жаста зейнетке шығады.

Мемлекет тарапынан төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арнайы жәрдемақылар төленіп келеді.

Сондай-ақ, бала бір жасқа толғанша жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Егер нәрестенің анасмы жұмыс істемесе, оған бала өмірге келген сәттен бастап бала бір жасқа толғанша үзбей көмек беріледі. Ай сайын төленетін бұл жәрдемақының көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңге арасында болады.

Сонымен қатар, “Батыр ана” атағын алған немесе “Алтын алқа”, “Күміс алқа” мен марапатталған көпбалалы аналар да мемлекет тарапынан ай сайын жәрдемақы алып отыралы. Және, ол жәрдемақы аналардың отбасылық табысына қарамастан тағайындалған.

Алдағы уақытта да көпбалалы аналар мәселесі мен оларға берілетін жәрдемақы мөлшері үнемі мемлекет бақылауында болады. Және ол жылдан жылға ұлғая бермек.

Abai.kz

0 пікір