Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Біздің шенеунік 7162 12 пікір 7 Тамыз, 2019 сағат 10:44

Көршіміздің көлеңкесіне айналдық

Жыл сайын біздің облыс орталығы бір шабылып қалады. Бұл «Қостанай қаласының күні» деген «атақты» мереке. Оу, оның орны мүлдем бөлек. Оған мемлекеттік те, ұлттық мерекелередің де ешқайсысы да жетпейді. Мүмкін, тек онымен анау апталап тойлайтын Жаңа жыл мейрамы ғана таласа алар. Қалғандары оның қолынa су құюға да жарамайды.

Сонымен, әлқиса, жыл сайынғы берік қалыптасқан «дәстүрмен» қала күнін жыл бойы есте қаларлықтай етіп, өте жоғары деңгейде өткізуге деген бәсеке басталып кетті. Ол осы айдың 16-17 күндеріне белгіленсе де, оның даңқы қазірдің өзінде жер жарып жатыр. Осындағы жергілікті баспасөздің қуана хабарлағандай биыл тағы да Ресей «жұлдыздарының» өнеріне таң қалып, ауыз ашып, тамсана тамалайтын көрінеміз. Ал жалпы, бұл концерттің көркін ашатын көрші елдің DJ-BROTHER-S диджейлері-- егіздер Руслан мен Сергей Смирновтар көрінеді. Бұлардың қаншалықты атақтары жер жарған «мықтылар» екендігін қаламыздың басшылары жақсы білмесе, біздің хабарымыз шамалы.

Картинки по запросу руслан и сергей смирновы

Жарайды, егіздер сахнада «егіле» берсін, мүмкін оған осындағы өзге ұлт өкілдерінің төбелері көкке бір елі жетпей  қалар. Алайда келесі бір шетелдік «жұлдыз» Митя Фомин дегеннің сол Ресейдің өзінде әлдеқашан ұмыт болғандығын осындағы жергілікті орыс тілді баспасөздің өзі де мойындайды. Кезінде сонау 2000 жылдың басында сондағы  Hi-Fi деген топта өнер көрсетіпті де, сол кеткеннен мол кетіпті.

Картинки по запросу Митя Фомин

Міне биылғы тойымызға келетін «қадірлі қонақтарымыздың» сиқы осындай. Осындайда  «өзімізге үнемі таңсық болатын, өзгелердің қаңсығына кеткен қайран бюджеттің ақшасы-ай» деген ой санамыздан кетпей қойды. Бір қызығы, мұндай «мырзалық» біздің қала басшыларының қанына сіңіп кеткен «жаман ауру» ма деп қаласың. Өйткені мұндай мерекеден көршіміздің «жұлдызсымақтары» еш уақытта шет қалған емес. Кім келмеді дейсің, қаламызға. Қазір солардың атын атап, түсін түстеуге шамамыз да жоқ. Өйткені олардың тізімін жасасақ, акяғына жете алмай, шаршап қаларымыз анық. «Жаман» әдет жұққыш келеді емес пе. Мұндай «бастаманы» облысымыздың өзге де Рудный мен Лисаков секілді қалалары да, қуана қолдап, аттандап ала жөнеледі. Оларда Ресей жұршылығы әлдеқашан ұмытқан әншілері кешкілік атойлап жатады.

Жә, жарайды біз бұл «дәстүрден» құтыла алмайды екенбіз. Ал енді өз елімізден кімдер келеді екен, соған көз жіберелік. Бұл мерекеде біз Sam Cosmo деген атпен Мақсат Мәжитовті көреді екенбіз. Ол кезінде «Ла-ла-ла» деген әнмен көпшілікке танылыпты. Алайда біз оны аса танымадық. Сосын оларға қазақстандық диджейлер Nurbergen мен   Mirha Katova қосылып,   көререндерді Da Gudda jazz хип-хоп тобы бір серпілтіп тастайтын көрінеді. Айтпақшы, мұндай «жұлдызды топтардың» қатарына қазақстандық әнші Диана Шарапованы да қосып, айды аспанға бір-ақ шығарған.

Мінекей, біздегі қуаныш осындай. Тек көңілге жұбаныш болатын нәрсе, бұл жолы елімізге ғана емес, әлемге танымал болып қалған, күміс көмей әншіміз, осы өлкенің өз тумасы Сүндет Байғожиннің қайталанбас талантынан бір ләззат алады екенбіз. Бұған да шүкір делік,

Жайберген Болатов

Abai.kz

12 пікір