Жұма, 29 Наурыз 2024
3117 0 пікір 6 Тамыз, 2019 сағат 09:37

Қызылорда облысында 1 қыркүйектен бастап егін жинау науқаны басталады

Қызылордада күзгі егін жинауға дайындық мәселелері талқыланды.

Облыс әкімдігінің аппарат мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Сейілбек Нұрымбетов күзгі егін жинауға дайындық барысы туралы баяндады.

"Ағымдағы жылы облыс бойынша 183,9 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары агротехникалық шараларын сақтай отырып, оңтайлы мерзімінде орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,9 мың га, майлы дақылдар 7 мың га, мал азықтық дақылдар 62,7 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,2 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың га. Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 6,6 мың га артық егіліп отыр»,-деп хабарлады С.Нұрымбетов.

Бүгінгі күні 69,0 мың га күріш гербицидтермен, 66,9 мың га тыңайтқыштармен өңделді. Сонымен қатар, 1,3 мың га алқапта дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды.

Облыс бойынша егілген 3,8 мың га күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 9,7 мың тонна өнім алынса, (орта өнім гектарына 25,6 цн), жиналған  527 га жаздық арпадан барлығы 440,4 тн өнім (орта өнім гектарына 8,4 цн) және 58 га сұлыдан 40,6 тн өнім алынды (орта өнім гектарына 7,0 цн).

Аймақтың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі егін жинау жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Облыста алғашқы егінге орақ салу жұмыстары жекелеген шаруашылықтарда 20 тамыздан кейін, ал облыс бойынша 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564