Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3530 0 пікір 1 Тамыз, 2019 сағат 12:11

Солтүстік Корея бір аптада екінші рет зымыран ұшырды

Солтүстік Корея 31 шілдеде шағын қашықтықтағы екі зымыран ұшырды. Бір апта бұрын дәл осындай зымыран ұшырған.

Оңтүстік Корея әскерилері екі снаряд та 30 шақырым биіктіктен 250 километр қашықтыққа ұшты дейді. Оңтүстік Корея билігі Пхеньянға зымыран ұшыруды тоқтатуды талап етіп отыр.

Ал Солтүстік Корея өз кезегінде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-жаттығуын сынайды.

Биыл маусым айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Оңтүстік және Солтүстік Кореяның шекарасында кездескен.

Оның алдында қыста Ким мен Трамп Вьетнамда кездескен. Бірақ бұл кездесу жақсы нәтиже бермеді.

Трамптың айтуы бойынша, Ким Чен Ын оған Солтүстік Кореяға салынған барлық санкцияны алып тастауды ұсынған. Сонда Йонбендегі ядролық полигонды жабамын деген. Бірақ АҚШ мұнымен келіспеген.

Вьетнам саммитінен кейін Солтүстік Корея тағы бір ядролық полигонды қалпына келтірмек деген ақпарат пайда болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530