Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4265 14 пікір 1 Тамыз, 2019 сағат 11:23

Қазақстанның элитасы неге жабық?

Социологияда мынандай ұғым бар - элиталардың жабықтығы - замкнутость элит. Кез келген мемлекеттің элитасы жабық болса - бұндай ел дамымайды, түбі құриды. Элитаның өкілдері бір бірімен үйленеді, мемлекеттің жоғары лауазымдарына тек өз қатарынан адамдарды таңдап қояды, қарапайым адамдарға жоғары жаққа жол жабық болады. Мұндай мемлекетте адал бәсекелестік болмайды, жаңа дарынды, еңбекқор адамдар қоғамның бірінші қатарына шыға алмай, сол қоғамды алға итере алмайды. Сонда мұндай элитаның балалары нашақор, ішкіш болып құриды. Мұндай әлсіз элитасымен бірге мемлекеттің өзі де ақыры шашылып кетеді.

Бұндай үрдісті социологтар ежелгі Римнен бастап КСРОға дейін байқады. Ол дәлелденген факт.

Енді Қазақстан да меніңше бұндай ахуалға жеткен сияқты. Әкім болу үшін сен сенатордың немесе бұрынғы әкімнің баласы болу керексің. Байдың баласы болмасаң сенде әкім немесе министр болуға мүмкіндік жоқ. Яғни бір елдің азаматтардың мүмкіндіктері алдын ала тең емес. Бұл әділетті бәсекелестіктің жоқтың қасы.

Бәсекелестік - дамудың негізі. Бизнес болсын, саясат болсын, өмірдің заңы сондай. Әкім болу үшін азаматтар әділетті сайлауда жарысу керек. Сонда ғана элита - шынымен күшті элита болады. Мұндай элита елді алға итере алады. Ал әлсіз, жасанды элита сатқын болады, тиын үшін ұлт мүдделерін алады да сатып жібереді....

PS. Қазақтың бұрынғы я бүгінгі элитасын салыстырып көріңіздер.

Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531