Сенбі, 2 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4920 20 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 15:41

Мемлекет басшысы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлеріндегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 391
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 227
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 566