Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3145 0 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 21:02

Қазалылық спортшы топ жарды

27-29 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында грэпплингтен Халықаралық «Asia Open» турнирі өтті. Айтулы додаға қазақстандықтармен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Үндістан елінен келген 400-ге жуық спортшы қатысқан,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Халықаралық турнирде 70 келі салмақта өнер көрсеткен қазалылық спортшы Жансая Мұрат чемпион атанды. Жерлесіміз алда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Abai.kz

0 пікір