Сенбі, 20 Сәуір 2024
3908 0 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 17:09

Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

"Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын" деп жазылған Президент Жарлығында.

Ерлан Айтаханов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған.  Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған.

2016 жылдан бастап осы күнге дейін Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Abai.kz

0 пікір