Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4122 14 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 14:22

Бұл елде идеология жоқ

Бізде қазақтың интеллектісін өлтіру ойыны жүріп жатыр. Тұлғаларды таптау ойыны жүріп жатыр. Қазақты мəңгүрттендіру ойыны жүріп жатыр.
Отандық арналардағы бітпейтін арзан қалжың, арзан шоу, жалықтыратын табақбеттер шаршатты. "Қоянбаевты көрсем қояншығым ұстайды" деді өткенде бір құрбым. Қоянбаев, Қабатов жұртты жалықтырғаны не, "раздражать" етеді. Олар рейтингті енді көтермейді. Олардың жырқ-жырқы енді өтпейді. Телеарнаның деңгейін интеллектуал тұлға көтереді. Телеарнаға интеллектуал келмей сол арзан шоу, үндінің ең төмен сортты сериалдары... көрсетілгені көрсетілген.

Бұл елде саяси идеология жоқ. Ұсталған педофилді асып, атып тастасаң да, басқа педофил шығады. Педофил қайдан шығады? Дұрыс тəрбие көрмеген, психологиялық қысым-көрген, ұрып-жаншу көрген, мейірім көрмеген, жылу көрмеген, ұрыс-керіссіз тамақ ішпеген, баласын керек етпеген отбасынан шығады.

Бізде жұмыссыз қанша адам бар? Тапқаны бала-шағасының ішіп-жеміне жетпейтін қанша отбасы бар? Сол депрессияға түскен адамдар баласына қарауға мұршасы бар ма?
Баласын қоқысқа тастап жатқан қыздар да құрбан. Олардың баласы да құрбан. Идеология жоқ.

Өзіне өзі қолжұмсап жатқан адамдар да құрбан. Идеология жоқ.
Батпаққа батқан биліктің идеологиямен ісі жоқ. Идеология дұрыс жүргізілсе, қылмыс əлдеқайда аз болар еді, тастанды бала қазіргіден əлдеқайда аз болар еді, өзіне қолжұмсайтындардың саны күрт азаяр еді.

Əкім-қаралары "крышасына" сеніп, бес жасар баланың сөзін айтса да, сайран құрып жүре беретін бұл билікке сенім жоқ.
"Мəңгілік елбасының" "уақыты жетсе" кландар билікке таласатыны анық. Өз президентін отырғызу үшін, Тоқаевты тақтан тайдыру үшін олар барын салуы əбден мүмкін. Олар өте қауіпті типтер болуы да мүмкін.

Жəкішевті, басқа саяси тұтқындарды Тоқаев халыққа арқа сүйеп, босатса, сонда халық Тоқаевты қолдар еді, қорғар еді...

Аягүл Мантайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір