Жұма, 26 Сәуір 2024
3052 0 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 17:47

Қызылордада көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Қызылорда облысында Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры арқылы көпбалалы отбасыларға арнап салынған 150 үйдің 100-і жақында табысталған еді. Енді міне, тағы 50 үй пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Баламекен» жобасы аясында қолға алынған әлеуметтік бағдарламада баспаналар «Бәйтерек» ықшам ауданынан табысталды. Бүгінге дейін дейін құрылысы басталған үйлер тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін салынған. Аталған үйлерде медициналық пункт, арнайы орталық жұмыс істейді.

– Ерекше қуанып тұрмын. Баспаналы болудың бақыты бұйырды. Біз тек коммуналдық төлем төлейміз. Өзім үй кезегінде 1000-ы болып тіркеуде тұрмын. Екі балам балабақшаға барады. Балаларым үшін қуаныштымын»,-деді Динара Имашева есімді жалғызбасты 5 баланың анасы.

Естеріңізге сала кетейік, меценат Болат Өтемұратовтың бастамасымен іске асқан «Баламекен» жобасы республикада алғаш болып Қызылордада жүзеге асты. Бұл уақытша берілетін тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың тұрақты баспаналы болуына жол ашады.

Тағы бір айта кететін жайт, 150 үйдің 50-і жергілікті бюджет есебінен тұрғызылған.

Abai.kz

0 пікір