Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
3665 0 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 17:29

Арыстық балалар Сыр еліне тынығуға келді

Арыстық 150 оқушы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығына тегін тынығуға келді,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Демалуға келген арыстық балаларды Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, Жаңақорған аудан әкімі Ғалым Әміреев қарсы алып, оларға ізгі тілегін білдірді.

Олар жаңа оқу жылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия сынды түрлі үйірмелерге қатысады. Оқушылар лагерьде 20 күн бойы тынығатын болады.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы жағдайға қатысты Сыр елі түрлі деңгейде көмектер ұйымдастырып, бастамашыл топтарға бірікті.

Abai.kz

0 пікір