Сенбі, 20 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6241 8 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 18:42

Агенттік парақорлардың фотоларын жариялады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың тұтқындалуына қатысты бейнеролик жариялады.  

Роликте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сотталғандардың аты-жөндері мен суреттерін көрсетеді. Сондай-ақ, олардың тұтқындалып жатқан сәттерінен үзінділер келтірілген.

Айта кетейік, 2016-2019 жылдар  аралығында денсаулық сақтау саласы бойынша 433 жемқорлық фактісі анықталған. 191 адам жауапкершілікке тартылды. Ең көп қылмыс Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтуынша, кінәлілер бұған дейін «жалған медициналық анықтама жасау» бойынша айыпталған.

Abai.kz

8 пікір