Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4659 7 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 14:36

Біздің шенеуніктердің құлағына алтын сырға...

Мексиканың Куатемок қаласының мэрі Карлос Тен ерекше эксперимент жасады. Ол нашар киініп, гримм жасап, мүгедектер арбасына отырып, қаланы аралап шыққан. Сөйтіп былайша айтқанда "в шоке" болған.

Әлеуметтік көмек беретін мекеме қызметкерлері оны елемей, көмек алу құжатын толтыруға көмектеспепті. Тек бір қыз ғана оған жаны ашып, түскі ас ретінде желе беріпті. Өзге мекемелер оны қуып, тіпті суда бермеген. Мүгедектерге арналған лифттер жұмыс уақытында жабық тұрған. Қайда барса да, қорлық пен кемсіту көрген.

Ол бұл экспериментке шенеуніктер берген ақпарат пен халықтың айтқан мәліметінің сәйкессіздігінен барыпты. Сөйтіп ақиқатқа көзі жеткен. Эксперименттен кейін біраз адамды жұмыстан шығарып, жұмыс істеу тәртібін өзгертуді және есеп беруді жаңалауды ойластырмақ.

Біздің шенеуніктердің құлағына 999 пробасы бар алтын сырға. Өтірік статистикаға сене бермей, халықтың айтқанына бір құлақ түріп, қарап қойыңдар!

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606