Сенбі, 20 Сәуір 2024
Рухани жаңғыру 3877 0 пікір 10 Шілде, 2019 сағат 17:33

Ардаби Мәулетұлы: Ұлттық жәдігер – ұлы мұрамыз

Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласын жариялады, білесіздер. Аталмыш мақаланың бір тарауы - "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы" деп аталған еді.

Онда Елбасы: "Бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет" деп тайға таңба басқандай жазған болатын.

Ал биыл сәуір айының 24-інен бастап шілденің 1-іне дейін Қарағанды облысында кешенді экспедиция ұйымдастырылғанын естіген едік. Экспедицияның ұйымдастырылу жұмыстары Қарағанды облысының әкімдігі және Мәдениет басқармасының тікелей қолдауымен жүргізілген. Осы тұста аталған экспедициясының мүшесі, ҚР Ұлттық музейінің жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану PhD докторы Ардаби Мәулетұлымен кездесіп, сұқбаттасқан едік.

- Ардаби Мәулетұлы, елді елең еткізген экспедицияның жұмыс бағыттары жайлы баяндап берсеңіз...

- Еліміздің әр өңірінде “Халық шығармашылығы” орталықтары жұмыс істейді. Қарағанды облысында ұйымдастырылған аталмыш экспедиция музыкалық, фольклорлық, этнографиялық бағыттарда жұмыстар жүргізіп келеді.

- Эспедиция құрамында кімдер болды?

- Экспедицияның құрамы 5 адамнан тұрады. Шет ауданында күйшілік мектептің соңғы тұяғы Дәулетбек Сәдуақасов деген атақты күйші атамыз өмір сүрген. Ол кісінің өмірден өткеніне көп болған жоқ. Экспедицияның жетекшісі – Дәулетбек Сәдуақасовтың белбаласы, күйші Хайролла Сәдуақасов деген ағамыз.Осы жерде айта кететін жайт бар. Республикамызда, оның ішінде Қарағанды облысында Хайролла Сәдуақасов ағамыздың бастамасымен құрылған «Күй керуен» атты шертпе күй орталығы бар. Көпшілік қауым арасында шертпе күй орталығы не үшін керек, шертпе күйді кәсіби оқу орындарында  насихаттап жатыр деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бұл тұста біз мына мәселені ескеруіміз керек. Қазақтың күйшілік өнері екі түрлі жолмен бізге жеткен. Кәсіби білімі қалыптасқанға дейін, нақты айтсақ, кәсіби білімі жоғары болсын, орта болсын, барлығы далалық дәстүрден негіз алғаны белгілі. Далалық дәстүр бізге әртүрлі жолмен жеткен: біреуі құймақұлақтық әдіспен, екіншісі көзбен көріп, қолмен үйрену әдісімен. Сол қазақтың байырғы эстетикалық талғамы сақталған күйшілік өнерді үйретудің осы екі жолының негізгі қағидаттарын сақтау, болашақ ұрпаққа үйрету мақсатында аталған орталық құрылған болатын. Бұл орталықта ешқандай нота үйретілмейді.

Сондай-ақ эспедиция құрамында ҚарМУ профессоры Берік Рахимов, «Арқа ақшамы» газетінің штаттан тыс қызметкері Бек Ноғайбаев, Мәдениет басқармасынан Ерлан Елтай  сынды ағаларымыз болды.

- Экспедиция қандай мақсатта жұмыстар атқарды?

- Қазіргі таңда ұлттық мұраларымыздың қатарында жоғалып кету қаупі бар рухани мұраларымыз бар. Мысалы, тұрмыс-салт жырлары, жар-жар, жарапазан, сыңсу, жоқтау, қара өлең. Бұрындары қазақта жауырынға қарап сөйлейтін қасиет, сондай-ақ бақсылық сарындар болған.  Экспедицияның негізгі мақсаты аталған ұлттық құндылықтарды сақтап отырған, көзі тірі кісілерден жазып алу, құжаттау, архивке алу, насихаттау болды.

- Қарағанды облысының қай жерлерінде болдыңыздар?

- Экспедиция барысында Қарағанды облысының 9 ауданына қарасты ауыл, қыстақтарды араладық.

- Экспедиция аясында қандай жәдігерлер, «бәрекелді» дейтін қандай жаңалықтар болды?

- Экспедиция барысында біз жазып алған, ұлттық мұрамызды сақтап отырған ата-әжелерімізбен таныстырвп өтейін:

Қарқаралы ауданынан:

  • Тәттімбет ауылындағы 1934 жылы туган Жұмабике Смакқызы (ескі қара өлен, жоқтау, сығсу айтушы);\
  • Мамыраев ауылында тұратын 1926 жылы туған Написа Нұрмагамбетқызы (жұмбак-жаңылтпаштар және «Еңлік-Кебек» және т.б. қисса-дастандарды жатқа айтушы);
  • Қарқаралы ауылында тұратын 1952 жылы туған Елеукан Төлуканов (батагөй);
  • Нұркен ауылында тұратын 1942 жылы туған Тілеуқор Қанапия (батагөй);
  • Қарқаралы ауданында тұратын 1948 жылы туған Саят Оспанов (ел арасынан рухани мұраларды жинаушы, тарихшы, этногроф);
  • Қарқаралы ауданында тұратын 1958 жылы туған Дәулетхан Әлиұы (батагөй)
  • Қарқаралы ауданында тұратын 1945 жылы туған Аманғали Мырзабек (Арқа күйлерінің мұрагері, күйші);
  • Мамыраев ауылында тұратын 1926 жылы туған Ырымбикеш Қынабаева (ескі қара өлең айтушы);
  • Тәттімбет ауылындагы 1942 жылы туған Батима Бахриденқызы (ескі қара өлең, жоқтау, сыңсу айтушы);
  • Бақты ауылында тұратын 1939 жылы туған Тілеуқабақ Орынбекұлы мен 1940 жылы туған Ырымбекқызы Күлзакар (ескі қара өлең айтушы жане батагөй);

Шет ауданынан:

  • Ақадыр кентінде тұратын 1941 туған Қапен Минтаұлы (ескі қара өлең айтушы және батагөй);
  • Ақой ауылында тұратын 1964 жылы туған Бақыт Нәзірұлы мен Зәуреш Әрінқызы (ескі қара өлең айтушы жіне жоқтау, сыңсу айтушы);
  • Талды ауылында тұратын 1950 жылы туған Сұраған Зағиұлы (ескі халық күйлерін орындаушы күйші және қолонер шебері ағашшы);
  • Ақшатау Жарылғап батыр ауылында туратын  1948 жылы туған Макеш Тыныштықбайұлы (халық  күйшісі);
  • Нұра ауылында тұратын 1946 жылы туған Аяш Әлімақынқызы (ескі жоқтау, сыңсу, жарапазан айтушы);
  • Акадыр кентінде тұратын 1944 жылы туған Дария Қалқабайқызы (ескі қара өлең, жоқтау, сыңсу айтушы);

Балхаштан:

  • Шашубай кентінде тұратын 1957 жылы туған Мейрам Ермембетов (Ақтоғай өнірінің ескі күйлерін жеткізуші);
  • Балхаш қаласында тұратын 1961 жылы туған Қуандық Саденов (Балхаш өңірінің тарихи тұлғалары, оның ішінде күйшілердің орындауындағы үнтаспаларды сақтаушы, қаламгер, журналист);
  • Балхаш қаласында тұратын 1937 жылы туған Күләш Сардарбек (Балхаш өңірінің тарихи тұлғалары, оның ішінде  күйшілер туралы деректер жинаушы, өлкетанушы);

Ақтоғай ауданынан:

  • Ақтоғай ауданында тұратын 1938 жылы туған Күлмара Рақымбекқызы (Арқадагы атақты Аққыз күйшінің шәкірті);
  • Сарытерек ауылында тұратын 1941 жылы туған Амантай Тойшыкенов (күйші, әнші, батагөй);
  • Ақтоғай ауданында тұратын 1936 жылы туған Оразбек Рақымбеков (Ақтоғай өңірінде өмір сүрген Біләл шешендердің мұрасын және олар туралы  ел арасында ұмыт болған арыз-әңгімелерді сақтаушы көкірегі шежіреге толы қарт);

Бұқар жырау ауданынан:

  • Тоғыз құдық ауылында тұратын 1957 туған Тұяқ Әбілқанұлы (ескі қара өлең айтушы);
  • Тоғыз құдық ауылында тұратын 1956 жылы туған Дамыс Көлбайұлы (ескі қара өлең айтушы, батагөй);
  • Тоғыз құдық ауылында тұратын 1977 жылы туған Оспанхан Сетерхан (ескі қара өлең айтушы);
  • Тоғыз құдық ауылында тұратын 1953 жылы туған Таутек Абуталиұлы Сетерхан (ескі қара өлең айтушы, батагөй);

Нұра ауданынан:

  • Мұзбел ауылында тұратын 1965 жылы туған Бейбіт Қапанқызы (ескі қара өлең және халық әндерін айтушы);
  • Көбетай ауылында тұратын 1946 жылы туған Сағиолла Қаниұлы (ескі халық күйлерін орындаушы, күйші);
  • Көбетай ауылында тұратын 1950 жылы туған Қадыр Күнсанұлы (ескі қара өлең жане халық әндерін айтушы);
  • Көбетай ауылында тұратын 1985 жылы туған Тоқтарбек Қадырұлы (ескі қара өлең жане халық әндерін айтушы);

Осакаровка ауданынан:

  • Есенкелді ауылында тұратын 1945 жылы туған Науан Махметұлы (ескі халық күйлерін жеткізуші, күйші);
  • Қарағайлы ауылында тұратын 1975 жылы туған Орынбек Туғанбайұлы (ескі халық әндерін жеткізуші);
  • Сарыөзек ауылында тұратын 1936 жылы туған Райхан Мухаммедұлы (ескі халық күйлерін жеткізуші, күйші);

Жаңарқа ауданынан:

  • Жаңарқа ауданында тұратын Мухамеджан Тілеуханов (Арқа күйлерінін қазіргі мұрагерлерінің бірі, күйші);
  • Ескене ауылында тұратын Мейрам Ұлмағамбетов (Арка күйлерінің қазіргі мұрагерлерінің бірі, күйші);

Ұлытау ауданынан:

  • Аманкелді ауылында тұратын 1938 жылы туған Кұрманәли Әлімғазыұлы (ескі халық әнін және жарапазан айтушы);
  • Кененбай көлінде тұратын 1959 жылы туған Мухаммедрахым Пауеденұлы (батагөй);
  • Шеңбер ауылында тұратын 1958 жылы туған Гүлжаухар Абижанова (ескі халық әнін және жоқтау, сыңсу айтушы);
  • Шеңбер ауылында тұратын 1976 жылы туған Айтолқын Мұқанова (ескі халық әнін және жоқтау, сыңсу айтушы);

Теміртау каласынан:

  • Теміртау қаласында тұратын 1937 жылы туған Құнан Кәріпбеков (Тәттімбет күйлерін орындаушы, күйші);

Қарағанды қаласынан:

  • Қарағанды қаласында тұратын 1949 жылы туған Қалкен Қасымов (Арқа күйлерінің мұрагері, күйші);

Жоғарыда аты-жөндері берілген қарттарымыз көптеген жұмбақтар, жаңылтпаштар, жыр-дастандарды айтып берді. Солардың арасында кезінде Қарқаралының Мәди деген ауылында Қайсар бақсыдан бата алған Серік бақсы бар.  Қазіргі күні емші ретінді қызмет істейді. Бұл кісі ауырып келе жатқан адамды біліп отырады екен. Осындай кісілерді көп жолықтырдық.

Шығыс аймақтарда кезінде қыз ұзатқанда, торқалы тойларда, жас қыздар мен жігіттер айтысқан. Оған белгілі бір сыйлықтар берілетін. Солардың бірі – «Тоғыз алу».  Ортаға тоғыз түрлі зат қойылады. Соны жеңіп алуға харекет етеді. Орта есеппен экспедиция барысында  бұрын тартылмаған 70-80 күй, 40-50 халық әндерін жазып алдық.

- Алдағы уақытта осы жазылып алынған мұралар көпшілікке қалай тарайтын болады?

- Халыққа жария ету мақсатында Қарағанды облсының Мәдениет басқармасы кітап шығаруды жоспарлап отыр. Оның форматы әзірге белгісіз. ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты тарапынан арнайы қор құрылған болатын. Рухани мұрамыздың әрбір элементі нөмірленіп, қорда сақталады. Музыкалық шығармалардан диск құрастырылады. Сондай-ақ, экспедиция кезінде жазылған мұралардан қай өңірде қандай жәдігерлеріміздің бар екенінен ұлттық тізім жасалынады. Соның негізінде  нақты деректер мен фактілерге сүйене отырып, кітап құрастыратын боламыз.

- Бәрекелді! Жоғарыда аталған мұраны жинаушылардың  мақамы, олардың сол өңірдің қасиетіне тән дүниелерді нотаға түсіруі қалай жүзеге асады?  Қазіргі заманауи формаға түсіру кезінде рухани мұраларымыздың түпнұсқасынан айырылып қалмаймыз ба?

- Біз тапқан элемент сол түпнұсқа принципінде жазылады. Нота деген нәрсе – қаңқа. Біз нотаға түсіріп тежазып аламыз. жасаймыз. Оның түпнұсқасы да сақталынады.Осы заманға сай жасалынуы ол бөлек? Біз сахнадан көріп, естіп, тыңдап жүрген  шығармалардың түп-тамыры аймақтық сарыннан келген. Күйшілік  және әншілік аймақтарға не үшін бөлінеді? Қарап отырсаңыз, әр рудың малына салынатын таңбасына дейін бөлек. Бұл бөліну емес, ерекшелік. Сол елдің басына киген қалпағы, әжелердің кимешегі де бір-біріне ұқсамайды. Оюы, кестесі, формасы жағынан әртүрлі. Экспедиция барысында  Моңғолиядан келген кісі, Шет ауданының Бұрма деген ауылында тұратын апамыз бар екен. Қазақы ішіктің өзін найман ішік, керей ішік деп көрсетеді. Сол секілді  Ұлытаудағы жоқтау мен Қарқаралыдағы жоқтау да екі түрлі.

- Қазіргі күні орындалып жүрген дәстүрлі әндердің өзгергенін байқап жүрміз. Бұрынғы уақытта күйдің, әннің, дәстүрлі өнердің тарихын жазатын өнертанушы адамдар болды. Сондай дәстүрімізді жалғастырып жүрген  Еркін Шүкіман, Ерлан Төлеутай, Ерлан Рысқали ағаларымыз бар. Енді Сіздерді де осы санатқа қосатын сияқтымыз ғой.

- Ертеректе Әбіш Кекілбаевтан сұқбат алған едім. Әбіш ағамыз «Ән байғұс не көрмеді. Әр кезең әнге әртүрлі қиянат жасады. Әннің дауы әлі де жалғасып келеді», – деді. Қазіргі күні саф алтындай бұзылмаған не бар десек,  ол – күй өнері. Ән өнеріндегі үлкен мәселе болып тұрғаны кезінде мәтіндерге жасалған қиянаттар ғой. Біздің орталықта  ғылыми талқылау жүргізіліп, сараптама беріледі. Дәстүрлі орындаушылықта орындаушының шығарманы орындау барысында эмоциясы қосуылуы мүмкін, біз осы жайттардың барлығына мән береміз. арқасы бар, делебесі қозып, эмоцияға беріліп айтылуы мүмкін, біз ьарынша мән береміз.

- Экспедияция барысында түйген ой-пікіріңіз, қандай ұсыныстарыңыз бар?

- Қазір көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі – халықаралық ЮНЕСКО деңгейінде адамзаттың рухани мұрасының тізіміне қосу. Ондағы міндет – күйшілік өнердің түп төркінін далалық мектебін сақтап қалу. Алыс-жақын шетелдерде Мәдениет министрлігінен бөлек рухани мұралардың элементін қорғайтын арнайы Заңдар бар. Бүкіл облыста Мәдениет басқармасы бар. Ал оның жанында Халық шығармашылық орталықтары жұмыс істейді. Алдағы уақыттарда  14 облыс көлемін қамтитын кешенді экспедиция құрылып, ұлттық жәдігерлеріміздің жазылып, олардың сақталуына көңіл бөлінуі керек деп есептеймін.

Сұхбаттасқан Елдос Тоқтарбай

Abai.kz

0 пікір