Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2273 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 06:20

Ермұрат Бапи. Музыкалық мінез

Осы орыстың примадоннасы Алла Пугачеваға таңданып жүруші едім. Пай-пай, шіркін! Паң ғой: правитель патшасын да, Путин-мутиндерді де, Думасындағы дөңкиген депутат-сепутаттарды да - қысқасы, ешкімді ұрмайды. Өзгелер еншілік ете алмайтын өнері мен талантына табынған тәнтілері тұрғанда, бастыққа бас июге икемі жоқ. Біздегідей билікші оған «өйт-бүйт», «айт-қайт», «жат-тұр» дей алмайды. Дегенін бет-жүзіне қарамай, қалпағын қайырып, ит терісін басына кептей салады.

Алла жарылқағыр Алланың Астанаға келіп, шақырумен концерт қойғанын да естіген емеспін. Төрткүл дүниеден төгіліп, түрлі-түстілері.., «сэр» деген сері атағы бар Элтон Джонға дейін келіп жатыр. Ал Алла Астанаға аттап баспайды. Басса болды, бір жылдық жалақысына парапар соманы сыпырып кетейін деп тұр. Бірақ баспайды.

Бұл енді - мінез! Ол мінез өнерден өріп шықты ма, жоқ тумысындағы тегі сол ма - әйтеуір орыс-қазақтың әкім-қарасын итпісің-кісімісің демейді. Ақшадан артық байлық пен еттен ерен шайлықтың арасын айыра алатын адам алдамшы бола алмаса керек.

Әне, әлемге әйгілі әнші Стинг те Астананың өкіл әкесімен бірге өтетін аста-төк тойын тәрк етті. Сахнасы сақадай сай тұрған концертін кері бұрып, кете барды. Өнердің тазалығын танитын тұлға тойда қадірін кетірмейді. Әйтпесе ол бір концертімен бірнеше миллион долларды дорбалап әкете алар еді. Өйтпеді! Өйткені өнердегі өз есімі оған «ой, қандай!» қымбат!

Айтпақшы, өнерді қадірлейтін адамға «фанат» деген аты бар тәнті жұрты бишікештен биік болады. Содан ғой Стингтің айтқаны: «Жұмысшылардың аштық жариялауына, мыңдап ереуілдеп жатуына, олардың түрмеге қамалуына мен наразылықтың осындай виртуалдық түрін танытамын», - деп. Ол мұнайшыларды ереуілге шығуға, аштық жариялауға, түрмеге қамалуға мәжбүр еткен Ақорданы осылай осып-осып тастады.

Осқанда - оңдырмады. Әйдік әлемнің назарын Назарбаевтың тойынан бұрын, Маңғыстау майданына бұрды да қойды. Қазір Маңғыстаудың мәселесін миллиондар біліп отыр. Баспасөз бен тележәшікті былай қойғанда, sting.com интернет-сайтынан тараған тақырыпты тәулігіне тоқсан миллион тәнті тінтеді екен. Ол тәнтінің «тәнтірегін» тыңдайтын дос-жараны бар екенін ескерсек, бес күннен бері Стингтің сайтынан мұнайшылар мұңына миллиондар мәлім болды. Әншінің әлпетін бері бұруға Ақорданың ақшасы жетпейді. Бұл енді өнердің тағы бір құдіреті болса керек.

Ол аз десең, Стинг айтады: «Мен қазақстандық мұнайшылар мен олардың отбасыларын қолдауды тоқтатпаймын», - деп. Ал, ендеше, музыка! Биле, Астана, жыртығыңнан жылтыраған бөксеңді қай жамаумен жасқар екенсің!

...Кеше Стингтің концертінен құр қалып қайтқан көршім келді. Менің «газети саясатымды» «сасық» деп, сығырая қарайтын қалталы еді: «Стингті жазасың ба, бір газет ала келші...» - дейді салы суға кеткен кейіппен.

«Оқы, бауырым, бізде де жүр ғой, примадонналар мен мэтрлер... әр қадамын метрлеп»...

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 25 (108) 6 шілде 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551