Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2627 0 пікір 6 Шілде, 2011 сағат 19:13

Мұхан Исахан. Екінші Ауғанстанға айналғалы тұрған – Қазақстан

Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, алыс-алыс елдерде, қасиетті дініміздің атын жамылған содырлардың сойқан тірлігі туралы еміс-еміс еститінбіз. Бірте-бірте сол қасіреттің қара қошқыл бұлты көрші елдерге де қазбауырлап жетіп, оның күркіреуік дүрсілі дәл қасымыздан құлаққа тұнып жете бастады. Іргеміздегі дүмпуді ести тұра, қашанғы бейғам жүрісімізге салынып бұл жұқпалы дерттің ауа көшіп келіп қалатынына сенімсіздіқ таныттық. Көп ұзамай желөкпе жастарымыз сол індеттің құрығына іліге бастағанда, «қызталақ, ата-бабамыз әсіре діншіл болмаған, бұлар қайда барады дейсің» деп, тағы да селқостыққа салындық. Өстіп ауа жайылып жүргенімізде, «жихад» деген жегі құрт өзегімізді кеміре бастады. Бұла күші бойына симаған ұлтымыздың  қызу қанды оғландары қайрат-күшін қайда сарқарын білмей жүргенінде, осылайша хақ үшін құрбан болудың оңай жолына кезіге кетті. Сөйтіп,  антұрған дұшпандарымыздың арбауына арандап қалған жанкешті жастарымыз ел аумағында жарылыс жасап, жихад үшін жандарын қия бастады.

Әдепкіде,  Ақтаудың абақтысынан жандарын шүберекке түйіп, қашып шыққан бір топ жазасын өтеушілер Отанына қарсы оқ атып, жарылыс жасап, жандарын құрбан етті. Іле-шала «жихад» деп ұрандаған жанкештілер Астанадағы дүбірлі жиын ЕҚҰ-ның Саммитінде «Бәйтеректі» жармақ болғанында, Құдай сақтап, қолға түсті.  Тағы бір жанкешті Ақтөбеденің ҰҚК-нің ғимаратына денесіне оқ-дәрі байлап кіріп, өзін-өзі жарып жіберді. Артынша, тағы бір жанкешті Астанадағы ҰҚК-нің ғимаратының алдында жарылыс жасады. Бүгін міне, ұзынқұлақтан естуімізше елуге тарта содыр Шұбаршиде сақшыларды қырып салып, «Жаңа жол» газ құбырын жарып жібереміз» деп билікке сес көрсетіп отыр. Осының бәрін көре-тұра жанкештілермен жағаласуға біздің бота тірсек биліктің той тойлаудан қолы босамады. Ал, екі жеп төрге озу үшін бірін-бірі талап жеуге бар оппозиция һәм ұлт зиялылары бейне көзі көр, құлағы саңырау адамның кейпіне енген. Билікте жүрген базбір азаматтар жай күні жасын оттай жарқ-жұрқ етіп, ұсақ-түйектің өзін қоңырау қағатын еді. Олар да осы жолы үнсіз қалған. Сірә, уахапшылардың шашқан зәрлі уы олардың да басын айналдырып тастады ау деймін, әншейінде, ұлтшыл болып көрінгісі келетін кейбір депутаттар да аузын буған өгізше, тым-тырыс, іштен тына қалыпты. Басқаның қалай ойлайтынын қайдам, мына меңіреу күйді көріп, «жанкештілердің өзін-өзі жарып жіберуі қасірет емес, біздің биліктің бейғамдығы нағыз қасірет» деп айқайлап айтқың келеді екен...

«Қазақстан-заман» газеті

0 пікір