Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2521 0 пікір 6 Шілде, 2011 сағат 08:14

Сайлау Байбосын. Астанаға ода!

Астана, шаһарым!

Аштархандай бүгін сенің атағың.

Үркетұғын Үрімің мен Мәскеуің,

Бір қала деп, нұр-қала деп хас-керім.

Мадақтаймыз ересен!

 

Бірақ енді...

Артық айтты деме сен,

Тілің сәл-сәл орысшалау демесең,

Туысқанға өріс тар-ау демесең.

Пара алғыштар жақсы орында демесең,

Байлығымыз жат қолында демесең.

Тірлік түскір мардымсыздау демесең,

Аярлықтан ар құнсыздау демесең

Сені тіпті жаман қала демес ем!

 

Даңғазадан кенде емессің,

дегенмен,

Мен өзіңді мақтар болсам өлеңмен

Ренжи ме тастай салып арбасын,

Базардағы арба итерген қандасым.

Қарындасым еден жуған кеңседе,

Келіспейді  меніменен өлсе де.

Жалақысы жамбаспұлдан қалмаған,

Жерлестерім «жетім бұрыш» жалдаған...

 

Жайлап жатқан кілең сабаз, серімен,

Десем сені төре шығар төрім ең.

Қапталыңда жыртық шекпен ауылдар,

Дауласа ма менімен?!

 

Әлде сөзім болсыншы деп өтімді,

Ақордаға бұрып алып бетімді.

Ағытам ба айхай, мақтау не түрлі,

Атақ құмар ақын ағам секілді!

 

Құрысын!

Мықтыларда менің қанша жұмысым.

Айтқаным жөн дұрысын:

...Қыздарменен тәнін сатқан күн үшін,

Құрылыстарда құлап өлген ұл үшін!

 

Астана, шаһарым!

Аштархандай бүгін сенің атағың.

Үркетұғын Үрімің мен Мәскеуің,

Бір қала деп, нұр-қала деп хас-керім.

Мадақтаймыз ересен!

 

Бірақ енді...

Артық айтты деме сен,

Тілің сәл-сәл орысшалау демесең,

Туысқанға өріс тар-ау демесең.

Пара алғыштар жақсы орында демесең,

Байлығымыз жат қолында демесең.

Тірлік түскір мардымсыздау демесең,

Аярлықтан ар құнсыздау демесең

Сені тіпті жаман қала демес ем!

 

Даңғазадан кенде емессің,

дегенмен,

Мен өзіңді мақтар болсам өлеңмен

Ренжи ме тастай салып арбасын,

Базардағы арба итерген қандасым.

Қарындасым еден жуған кеңседе,

Келіспейді  меніменен өлсе де.

Жалақысы жамбаспұлдан қалмаған,

Жерлестерім «жетім бұрыш» жалдаған...

 

Жайлап жатқан кілең сабаз, серімен,

Десем сені төре шығар төрім ең.

Қапталыңда жыртық шекпен ауылдар,

Дауласа ма менімен?!

 

Әлде сөзім болсыншы деп өтімді,

Ақордаға бұрып алып бетімді.

Ағытам ба айхай, мақтау не түрлі,

Атақ құмар ақын ағам секілді!

 

Құрысын!

Мықтыларда менің қанша жұмысым.

Айтқаным жөн дұрысын:

...Қыздарменен тәнін сатқан күн үшін,

Құрылыстарда құлап өлген ұл үшін!

 

Ей, Астана, дүр қабақ!

Маң далада маңғаз тұрсың мұндалап,

Бердім дейсің бекке байлық, құлға бақ.

Мен де кейде саған кеткім келеді,

Ерейменнің төбесінен бір қарап!

 

Бұған тіпті керек емес мол шыдам,

Көшер едім бөле қашып қоңсыдан.

...Бейсболка киген бекзат бауырдай,

Гольф соға білмегесін қорсынам!

 

Британдық қойшылардың өнерін,

Білмегесін қайтіп саған келемін?!

(Ермегі бұл тектілер мен төренің)

Мен ұлымын асық атқан даланың,

Білмеуімнің айтар болсам себебін.

 

Ей, Астана, ел сенер!

Сені салған бір сәулетші ең шебер.

Сол арада біз білмейтін мықтылар,

Сол арада біз кірмейтін кеңселер.

Дәрежесі долларменен өлшенер,

Сол жерде жүр талай-талай еңселі ер!

«Ақша-қала» деп атар ем өзіңді,

Маған билік берсе егер!

 

Бізден өзін сәл биіктеу санайтын,

Адамдарың зор тіптен.

Шенеунігің шекесінен қарайтын,

«Мадамдарың» «мерседесін» мөңкіткен.

 

Беу, Астана!

Қазағымның мұраты!

Жарқыраған өндірлі елдің шырағы,

Сарқыраған «тендерлердің» бұлағы.

Жақсылар мен жайсаңдардың тұрағы!

Тұрмағасын босағаңда ілініп,

«Аяз бидің тымағы»

Елдің саған тарқамай жүр күмәні!

 

Ей, Бас қала!

Бауыр үшін болғаннан соң баспана,

Мен өзіңді алмастырман басқаға!

Өкпелеме, жазылмаса жақсы өлең,

Тартылғандай таспаға...

Бір ұрты-май, бір ұртым-қан Қазаққа,

Дәл өзіңдей жарасып тұр астана!

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір