Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2698 0 пікір 6 Шілде, 2011 сағат 07:30

Алматыда Астана күні атап өтілуде

АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматының әр ауданында Астана күніне орай түрлі мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Мәселен, Бостандық ауданында «Мега Алматы» сауда ойын-сауық орталығы жанында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар өтуде. Сондай-ақ онда балалардан құралған ұжым өз өнерлерін көрсетіп, түрлі байқаулар мен викториналар өткізілуде.

Ал Жетісу ауданында «Туған күніңмен Астана!» ұранымен асфальтқа сурет салудан балалар арасында байқау өтуде. Сонымен қатар «Атамекен» ардагерлер хорының Астана жөніндегі үздік әні тыңдалып, ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтуде.

Алматыдағы Әуезов ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, «Фэмели» саябағында да Астана күніне орай мерекелік іс-шара өтуде.

Шараға қатысушыларды мереке күнімен Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев құттықтап, өзінің ізгі ниетін білдірді. «Бүкіл әлем үшін Астана - бұл Қазақстанның саяси жеңісінің нышаны. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша біздің еліміздің астанасына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ берілді. Біз үшін бұл қаланың маңызы ерекше - жаңа астана бүкіл республиканың дамуына түрткі болды», -деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі.

Іс-шара барысында аудан тұрғындары мен қонақтарына, қазақ эстрада әншілерінің қатысуымен, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік сауда мен тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

0 пікір