Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2845 0 пікір 6 Шілде, 2011 сағат 07:28

Қазақстандық байкерлер ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай республиканың 20 қаласы бойынша сапарға аттанды

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Дмитрий Петрухин бастаған қазақстандық байкерлер ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай Қазақстанның 20 қаласы бойынша сапарға аттанды. Бүгін Астана күнінде «Жастар» сарайынан еліміздің 20 жылдық тәуелсіздігіне арналған патриоттық акция басталды.

Акция шамамен 80 мотоциклшінің қала бойынша шеруімен басталды. Танымал қазақстандық байкер Д.Петрухин БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жол бойында оларға тағы да оншақты «еркін мотоциклші» қосылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, байкерлер бірнеше топқа бөлініп, Қазақстанның әртүрлі қалаларын басып өтеді. Олардың ақтық мәресі Балқаш өзені жағалауында түйіседі.

«Біз өз жорығымызды Астана қаласынан оның туған күнінде бастап отырмыз. Біз 15 шілдеде Балқашта ақтық мәреге жетеміз. Бұл жерде дәстүрлі түрде Балқаш өзенінің жағалауында өтетін 5-ші мерейтойлық байкерлік фестиваль өтеді», - деді ол.

Д.Петрухиннің атап өтуінше, «Тұлпар» демалыс аймағында өтетін аталған фестивальге әлемнің 30 елінен байкерлер келеді. Шараға Балқаш қаласының әкімдігі қолдау көрсетеді.

0 пікір