Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3128 0 пікір 6 Шілде, 2011 сағат 07:28

ҚазҰУ-де 200 студент әскери ант қабылдады

АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әскери дайындықтың толық курсын өткен 200 студент әскери ант қабылдады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әскери кафедрасы 1934 жылы  Қызыл әскер құрамына кіретін әскери резерв дайындау мақсатында құрылған.

Мотоатқыштар әскери және әуе қорғаныс әскери мамандықтарын дайындайтын кафедрада тәжірибелі оқытушылар білім беруде.

2010 жылдан бастап мұнда жаңа әскери-есептегі мамандықтар оқытылады. Мәселен, онда білім алған студенттер заңгерлік  жұмыстар, мотоатқыштар бөлімшесінде тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстарын ұйымдастыруы, әскери аудармашы сынды мамандықтарды алып шығады.

Әскери ант қабылдау салтанатына университет басшылығы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қарулы күш ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен қоғам мүшелерінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ айтулы шара барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінің солистері өнер көрсетіп, әскери кафедраның техникасы мен құралдарының көрмесі өткізілді.

0 пікір