Сенбі, 20 Сәуір 2024
2399 0 пікір 5 Маусым, 2019 сағат 16:51

Елімізде балалы жанұяларды қолдау үшін әр жылы 500 млрд. теңге бөлінеді

????????????????????????????????????

Елімізде ана мен бала мәселесі мемлекет назарынан тыс қалған емес. Биыл да көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық жеткілікті. Мәселен, ақпан айында өткен “НұрОтан” партиясының сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырған болатын.

Елбасы келтірген мәліметке сәйкес, қазір Қазақстанда кемінде 4 баласы бар 340 мың мыңнан астам отбасы бар. Ал, әр жылда елімізде балалы жанұяларды қолдау мақсатында 500 млрд. көлемінде қаражат бөлінеді. Бірақ, ол отбасылардың табыс табу деңгейі әртүрлі. Яғни, бірінің табысы көп, бірінікі аз. Осыны ескере отырып, қолдау шараларын кешенді түрде жүргізу қажеттігін айтты. Демек, мемлекет тарапынан қолдау ең әуелі табысы аз көпбалалы отбасыларға берілуі керек.

Елбасының айтуынша, көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төленуі тиіс.

Ал, аталған жәрдемақы төленер кезде халықты құжат жинаумен әрі-бері сарылтып қоюға да болмайды. Және, 21 мың төленетін жанұялардың кірісін есептегенде, басқа әлеуметтік көмек ақшаларын санаудың қажеті жоқ екенін ескертті.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына соң, әр жерде іргелі жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, елорданың іргесіндегі Көкшетау қаласында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, және ата-анасынан айырылған балаларға 70 пәтер берілді.

Аталған шарадағы пәтер кілттерін тапсыруға  Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты. Бұл берілген баспаналар Елбасының “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша салынған. Ол тұрғын үйге ие болғандардың басым көпшілігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жетім және көпбалалы отбасылар.

Өңір басшысының айтуынша, өңір тұрғындарын, әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау айрықша жолға қойылған. Ал, Елбасының әлеуметтік бағдарламалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді.

Ал, баспанаға қол жеткізген, 10 баланың анасы Светлана Сәдуақасованың айтуынша, қандай пәтерде тұрсаң да, өз басапанаңның болғанына ешнәрсе жетпейді.

-Мен он баланың анасымын. Үй кезегінде тұрғаныма он төрт жыл болды. Пәтер жалдап тұрғанда әртүрлі қиындықтар болады. Кейбіреулерге ақшасын төлеп тұрсаңда, көңіл-күйіне қарап жүруге тура келеді. Ал, қазір өз үйім бар. Мұндай қуанышты жағдайымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Енді барша еліміздің тұрғындарына осындай қуаныштһқа жетуіне тілекшімін!,- дейді көпбалалы ана.

Қазіргі таңда Көкшетау қаласында көпбалалы екі мыңнан астам жанұя бар. Олардың төрт жүзге жуығы баспана алу кезегінде тұр. Биыл, өңірдегі осы мәселені шешу үшін 470 пәтер салу жоспарланып отыр. Ол пәтерлердің басым бөлігі “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы жүзеге асады.

Ал, осы уақытқа дейін қоғамдағы көпбалаы аналардың жайына алаңдаған билік өкілдері өз ұсыныстары мен шешу жолдарын үнемі айтып келеді. Олардың қатарында “НұрОтан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та бар.

Мәулен Сағатханұлының айтуынша, бүгінде мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы балалы жанұяларды қолдау үшін былтырғы жылы 311 миллиард теңге жұмсалған. Сондай-ақ, тек әлеуметтік төлемдер арқылы ғана емес, жергілікті билік тарапынан да отбасылардың әлеуметтік жағдайына үлкен қолдау бар екенін айтқан болатын.

Тағы бір айта кетерлігі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Халыққа Үндеуінің алғашқы бастамасында елдің әлеуметтік мәселесін шешудің нақты жолдары мен тетіктерін анықтап көрсетіп берген болатын. Енді осы бағыт бойынша елдің әлеуметтік дамуы үшін іргелі жұмыстар атқарылуы тиіс.

Abai.kz

0 пікір