Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2834 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 05:49

Алаштың айбарлы шаһары бол, Астана!

Ұмытпасақ,  1994 жылдың  шілде айы. Дұрысы шілде айының 6-шы жұлдызы. Жоғарғы Кеңестің кезекті бір жиынына келген Нұрсұлтан Назарбаев Елордасын сол кездегі Целиноград қаласына көшіру туралы ұсыныс айтты. Президент бұның алдында да ресми орталықты еліміздің солтүстік аймағына апарудың стратегиялық маңыздылығын сөз етіп жүрген. Қара нан мен қант шайға қарап қалған бұқара жұрт түгіл сартісті саясаткерлердің өзі Нұрсұлтан Әбішұлының әлгі ұсынысына мән беру былай тұрсын, ол уақытта тегіс қарсы болған. «Қалт-құлт етіп отырып қала салу қолымыздан қайдан келе қойсын, бұл деген қып-қызыл шығын ғой» деп шулаған Жоғарғы Кеңес депутаттарының алдында тұрып Елбасымыз  6 шілде өзінің туған күні екенін еске түсірген еді. Бұл  - мазмұны аса күрделі сасяи мәселені адами қарым-қатынастың қарапайым жолымен шешудің бір тәсілі-тұғын. Жоғарғы Кеңестің төрінде отырған   Әбіш Кекілбаев  ағамыз үлкен басын изеп-изеп жіберіп: «Бүгін Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні екен. Туған күніне сыйлығымыз болсын -  астананы Ақмолла қаласына көшіру жайындағы оның ұсынысын мақұл көрейік»,- деген-ді күлімсіреп.

Елордамызды Сарыарқа төсінен көтеру ісі содан кейін рет-ретімен басталып кетті.

Қазір Астана бастапқы қалпынан қазақыланып қазақтың қаракөз қаласына айналып келеді. Көшесі де дабырласқан қазақ үніне тола бастады. Ешкім қолынан жетектеп әкеліп, құшағын жаймаса да біздің қайсар ел Астанаға ағылып барып жатыр. Халықтың ішіндегі осы қозғалыс енді бірер жылда Солтүстік аймағымызды түгел иегеріп кететініне күмәніміз кем.

Алғашқы мүшелің құтты болсын, Астана! Керегең кеңіп, шаңырағың биктей берсін! Алаштың аспан астындағы айбарлы шаһары бол!

www.Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563