Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7158 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 03:58

Дәурен Қуат. Алматы десе ән салғың келеді. Ал, Астана десе ше?..

Еншалла, ертең  - астанамыз Астананың  туған күні! Табан астында тауып сөйлейтін бір келіншек  баяғыда Көтібар деген қайын атасының атын «Өзгеде жоқтай, өзінде бардай»  деп жұмбақтап жеткізген көрінеді сұраған жұртқа. Сол айтпақшы, астана байтақ өзгеде жоқ, өзімізде ғана бардай «Астана» деп ат қойған Елордамыздың  туған күні Елбасымыздың туған күнімен орайлас келетінін   астарлап болса да елдің құлағына салып қою міндетіміз. Елордамыз жас... Мырзатай Жолдасбековтің тіліне жүгіне сөйлесек, « Елбасымыз да кемел шағында».  Әндетпеске әддіңіз бар ма енді? Ән дегеннен шығады, біздің әңгімеміз де тап сол ән туралы болғалы тұр.

Әнсүйер қауым жақсы біледі, соңғы 30-40 жылдың ширегінде қазақ даласында шалқыған сұлу әндердің негізгі тақырыбы - Алматы! Ән авторлары да қазақтың музыка өнеріндегі  хас таланттар шоғыры болып есептеледі:  Сыдық Мұхаметжанов, Әсет Бейсеуов,Нұрғиса Тілендиев,  Мансұр Сағатов,  Ілия Жақанов, Шәмші Қалдыаяқов, Сейдолла Бәйтереков, ,  Алтынбек Қоразбаев, Ескендір Хасанғалиев,  Мұрат Құсайынов, Досым Сүлеев, т.б.

Алматы туралы әндердің сөздері қандай, шіркін... Қараңыз:

«Алматының бозғұлт тұман түнінде,

Көп тұрып-ек жасыл терек түбінде

Сүйемін деп асылып ең мойныма,

Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде.

Айтшы, қалқам, қайда, қайда сол уақыт,

Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт.

Маңдайыңды сүйеп, сәулем төсіме,

Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып.

Айтшы жаным, қайда, қайда сол бір кез,

Қайда таныс, қайда мөлдір қара көз.

Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде,

Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз».

( «Есімде», әні С.Мұхаметжановтікі,  сөзі Қ.Шаңғытбаевтікі)

«Сам жамырап, жарқырады самала

Кел, қалқатай, кел қаланы арала

Бақыттылар байқамайды уақытты

Сағатыңа әлсін-әлсін қарама

Желпіді самал жай ғана

Хош иіс гүлдер айнала

Маужырап тұрған қалада,

Арала, сәулем, арала.

Серуен қалар есіңде,

Алматы рахат кешінде».

(«Алматы кеші», Әні І. Жақановтікі,  сөзі М. Әлімбаевтікі)

«Алматымда тұр алаулап,

Алтын нұры айдың.

Жүрдің бе сен тамашалап,

Көшесінде Абайдың?»

(«Алматым менің», әні М.Сағатовтікі,   сөзі Н.Әлімқұловтікі)

Көктемді қондырып қанатына,

Құс қайтып оралды Алматыма.

Ән толды аспанға,

Құс қонды жас талға

Бақыт кеп қол алғандай...

(«Құстар қайтып келе жатыр», әні Н. Тілендиевтікі, сөзі Т. Молдағалиевтікі)

Жұлдыздар жерге жақындап

Байланып қалған секілді

Қаз қатар өскен тату бақ

Ойланып қалған секілді

Самалға кешкі шомылып

Арманның оты жанады

Менің де жастық өмірім

Көшеде кетіп барады.

(«Алматы түні» ә. Д.Сүлеевтікі, с.Т.Молдағалиевтікі )

Бұның бәрі біздің қапелімде жадымызға оралып, жанымызды жадыратқан бірер әннің қайырмасы. Ал, Алматыға арналып жазылған әндерді тізіп шығу кәдімігідей жұмыс. Үлкен концерттің тақырыбы. Алматы әндері сияқты Астана жайындағы әндерден концерт жасауға болады ма? Болады. Бірақ, қырылдаған, сырылдаған, ыңырсыған, тәлімсіген, алқынған-жұлқынған әндердің концерті болар еді ол. Астананың абат келбетін әйгілеуге әлектенген әндердің сөздері қандай таяз, қандай сұйық десеңізші?..  Әлгі әндердің сөзін ақындар емес, Елбасымыздың есімін екі сөзінің біріне қыстырмаса құты қашатын әкімқаралар, әншейін шенеуніктер жазған сияқты. Әлде байқұс ақындарымыз Саудабаев сияқты   саясаткерсымақтарға түсінікті болу үшін қазақтың қайран тілін бар көркімен бояуынан арылтып пайдалануға мәжбүр болып қалды ма екен? Солай сияқты. Неге десеңіз, Астана туралы әннің бәрі байқау шарттарымен дүниеге келеді. Турасына көшсек,  «Астана-Астана» деп аттандап басталатын әндердің дені - конкурстық  әндер. Авторы, ақыны, орындаушысы түгел ат қосып, Алматымен арада ары-бері шабылыстардан соң дүниеге  жасанды жолмен ышқынып келген әндер. Махаббаттан, шын  шабыттан, ыстық сезімнен, жүрек толқынысынан туған әндер құлақты жыртып, көңілді бұлайша айнытпайды.  Өз басым (әрине, менің пікіріммен келіспеуге еріктісіз) сөзін қырғыз ақыны Акбар Рысқұлов, әнін композитор  Ілия Жақанов жазған «Есіл бойы» әні мен «МұзАРТ» тобының орындауындағы «Есіл ағады»   әнін Астанаға қатысты әндердің басы деп білемін.

«Ән деген былай жазылуы керек, әннің төресі - мынау» деп үзілді-кесілді сөз айтудан аулақпын, бірақ әннің бойды шымырлатып, жүректі ысытар, «көңілге түрлі ой салар» (Абай) құдыретті музыка биігіне жеткені дұрыс.  Әннің сөзі  құр даңғаза ұранға ұрынбай сырлы, астарлы болса құныға, құмарта, құшарлана тыңдайсың. Солай емес пе? Қазіргі әніміз - аты дардай Астана болғанымен, шетінен  масқара! Масқара емей немене,  «Елордам-ай» деп егілген әннің қайсысы болмасын Астанадағы ақ жағалы ұлықтардың аузындағы сөздерді қағып алып пародиялау сияқты.  Астана жөніндегі әндердің жалпы мазмұны шамамен былай болып келеді:

Сарыарқаның төсінде бой көтерген әсем Астана, жер бетінде сенен асқан қала бар ма, а? Айтшы, маған, Астана. Жоқ. Жер бетінде сенен асқан қала жоқ. Сен Күнге мойныңды созып мәуелеп өсіп келесің. Есілдің екі жағалауындағы жұрт мәз. Қазақстан ояна салып саған қарайды! Сен елімнің жүрегісің, Астана! Сен елімнің тілегісің, Астана!

Рас, Астана да қазіргі сәулет өнерімен сәнденіп бой түзей бастаған қала. Алайда, сәулет өнерінің  бүгінгі заманауи түрін Шығыс Азия елдері бастап тұр. Әйтседе, «Жер бетінде сенен асқан қала жоқ, Куала Лумпур» деген ән біздің құлаққа тие қоймапты. Сол жақта оқыған балалардан да қадалып сұрағаным бар. «Естімеппіз» дейді олар да. Бұл арада қала жайында ән шықпауы керек екен, автор соны меңзеп отыр ма дейтін байлам мүлде болуға тиіс емес. Ән айтылсын, жыр жырласын. Әйткенменде қазақатай әнші халықтың кеудесінен жарып шыққан әндер шырқалсын. Жасанды, жылтыр, биліктің көңіліне ғана  жағатын ән - ән болып ғұмыр сүре алмайды. Сосын, Астана туралы әннің ішінде адамдардың, әсіресе, бір-бірімен табысып, қол ұстасып, арман-тілектері жалғасып  жатқан жастардың болғаны дұрыс. Әйтпесе, Астана жөніндегі әндерден осы күндерге дейін сағым буған сары даланың төсінен салбырап тұра салған суық шаһарды көріп келеміз. Сондай суық шаһарға алып-ұшып кім бара қояды? Тәуелсіздік жылдары аталған кезеңде әлем қалаларының керуеніне қосылып,  Астана ретінде мойындалаған Елордамызға қазақтың жатсына қарауының бір себебі де осы шығар...

Жоғарыдағы ән мәтіндеріне тағы бір көз жүгіртіңізші, Алматыға оралғың, ән салғың келеді,ә?..

«Абай-ақпарат»

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="425" height="349">

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="425" height="349">

0 пікір