Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2683 16 пікір 4 Шілде, 2019 сағат 10:58

Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Қазақстан Президентіне ОПЕК пен Мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге қол қойған ұйымға кірмейтін мұнай өндіруші елдері өкілдерінің кездесуінің қорытындылары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Қазақстанның Мұнай өндіруші елдердің ынтымақтастық хартиясына алдын ала қол қойғаны және мұнай өндіруші елдердегі жағдай, Теңіз кең орнындағы қазіргі ахуал, шетелдік компаниялармен жұмыс жөнінде баяндалды.

Abai.kz

16 пікір