Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 00:25

Ресейлік актер С.Безруков әлемдік жұлдыздарды шақырып, өнердің дамуына үлес қосып жүрген қазақ билігіне алғысын білдірді

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Конгресс-Холл сарайында ресейлік актер Сергей Безруковтың «Пушкин» спектаклінің премьерасына  арналған баспасөз мәслихат өтті.

БАҚ өкілдерінің барлық сауалдарына жауап берген актердің атап өтуінше, қазіргі уақытта театр ұжымдары айтарлықтай қаржылай қолдау көріп отырған жоқ. Мәселен, Мәскеуде қолдау көріп отырған өнер ұжымдары бар, дегенмен барлық театрлардың айы оңынан туып отыр деп айтуға келмейді. Осы орайда С.Безруковтың пайымынша, театр - іс жүзінде зияны мол кәсіпорын. Сондықтан оның қайырымды адамдардың, демеушілердің көмегінсіз дамуы мүмкін емес.

Сондай-ақ ол Астанаға келген сайын шет елден шақырылған өнер жұлдыздарының өте көп болатындығын айта келе: «Астананы аралап жүріп, жұлдыздар бейнеленген өте көп плакаттар байқаймын. Міне осы кезде: О Құдайым-ай  мен қандай адамдардың арасында жүрмін деген ой келеді. Дегенмен шындығында да әлемдік жұлдыздарды шақырып, барлық жақсыны халыққа көрсетуге тырысады және оның көмегінсіз бұл мүмкін емес. Өнердің дамуына қол үшін беріп жүрген сол бір азаматтарға, ел басшылығына мақтау мен құрмет білдіремін», -деді ол.

Айта кетейік, Сергей Безруков Ресей Федерациясының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1973 жылы 18 қазанда өнер адамдарының отбасында дүниеге келген. Әкесі Виталий Безруков танымал Сатира театрында жұмыс істеген, актер әрі режиссер. Жастайынан әке жолымен жүруді мақсат еткен ол орта мектепті аяқтағаннан кейін М.Горький атындағы академиялық театрдың мектеп-студиясына түскен. Актер «Бригада», «Участок», «Мастер және Маргарита», «Есенин» сериалдарында, «Қытай сервизі» сынды фильмдерде ойнаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616