Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық-қанығы 4000 20 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 19:25

Қостанайда жалғыз емес, 6 қазақ мектебі бар

26 маусым күні Abai.kz ақпараттық порталына "Қостанайдың орталығындағы жалғыз қазақ бастауыш мектебі шалғайға көшіріледі" атты мақала жарияланған еді. Ол мақалада "жалғыз қазақ мектебі деп емес, жалғыз қазақ бастауыш мектебі" деп анық жазылған және ол мектептің қаланың шалғай ауданына көшіруге қарсылық білдірілген. Сол мақалаға қатысты айтыскер ақын Әсия Беркенова өз пікірін білдірген екен. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі назар аударып отырған мәселеде біржақты көзқарас болмауы үшін аталмыш мақаланың бір әрпін де өзгертпей оқырман назарына ұсынып отырмыз.  

Редакциядан

«Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебін жабайын деп жатыр» деген дақпыртқа өз пікірімді қоспақпын. Өтіріктен бастау алған жалғандықтың тамыры терең болмас. Біріншіден, Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар.

Мақала иесі айтып отырған 24 бастауыш мектеп тоқсаныншы жылдардың ортасында əйтеуір бір қазақ мектебін ашып алайық деген мақсатпен балабақша ғимаратында ашылды. Сол ашылған сəтте бірден бұл уақытша мектеп екені, мұнда спорт залы, акт залы жоқ, мектепке икемделмегені сөз болды. Сол уақытша деген мерзім өткелі қашан.

Осы 24 мектепте үш жүздей бала оқуға тиіс болса, қазір алты жүзге таяу бала иін тіресіп , 20 баланың орнына 30-дан артық оқушы бір сыныпта отырады.

Қала басшысы тағы да толыққанды жалпы білім беретін қазақ мектебін ашуды қолға ала отырып, 24 мектепті және басқа да аралас мектептердегі қазақ сыныптарын біріктіріп, кең ғимаратқа көшіріп, таза мемлекеттік тілде білім беретін мектепті ашпақ.

Ал С.Мəуленов ат. гимназия туралы еш əңгіме жоқ. Мен жаңа мектеп туралы мəселені талқылауға қатысқанмын. Анығын білген соң айтып отырмын.

Игілікті істі итермей, икемдеп, Президенттің əуелі мемлекеттік тілді меңгеріп, ұлтжанды, дəстүрін дəріптейтін, салтын сақтайтын, ең бастысы тілін жетік білетін ұрпақ тəрбиелеу үшін тілдік орта, ұлттық тəрбие керек екенін ойлаған қазақ қолдау керек деймін.

Әсия Беркенова

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621