Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4081 4 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 12:26

Еліміздің сыртқы қарызы - бір жылдағы ІЖӨ табысымыздың 93,7 процентін құрап отыр

Бүгінгі мәселе  - Теңіздегі жағдайдан бастап, бүкіл елді дендеген шетелдік жұмыс берушілердің дандайсыған саясаты, оған негізгі фактор - биліктегі яғни елдің басқару жүйесіндегі жемқорлық болып отыр. Басқару институттарымыз атқарушы билік те, заң шығарушы орган да мерезге шалдыққан.

Жауырды жаба тоқып не керек. Қазір елді қытайлар бір оқ шығармай жаулап алды. Қазақстанның батысындағы, шығысындағы, орталығындағы, түстігіндегі сүбелі өндірістер солардың қолына қалай көшті?

Алматының қақ төрінде Төле би - Мұратбаев, Қожамқұлов көшелерінде әрбірі 12 қабатты сегіз үйде (суретін салып отырмын) бірыңғай қытайлар тұрады. Әр үйде орташа 500 семья дегенде қанша қытай екенін есептеу қиын емес. Және назар аударар жайт, осында туған балалары қай елдің азаматтығын алады? Өздерінің асханалары, ресторандары, балалары үшін Талғардан мектебі де бар. Ондағы оқу программалары қазақтыкі емес.і анық. Үйлерін күзететін, кір- қоңын жуатындар қазақтар. Бұл енді масқара. Дүниенің бір де бір елі қытайға осындай жағдай жасамайды. Себебі біз Қытайға қарызбыз, қол - аяғымыз матаулы.

Жалпы, қарызға келсек әрбір жаңа туған нәресте де он мың доллар қарызбен туылуда. Бір экономистер 180 миллиард доллардың бәрі үкіметтікі емес дегенді айтады. Рас мемлекет қарызының бір бөлігін екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржы институттары еншілейді. Бірақ оларға мемлекет кепіл яғни гарант екенін айтпайды. Сондықтан сыртқы қарызымыз бір жылдағы ішкі жалпы өніміміздің (табысымыздың ) 93,7 процентін құрап отыр.

Кешегі Теңіздегі жағдайға қайта оралайық. Анау араб кешірім сұрады. ССЕР компаниясы жұмыстан шеттетілді. Бұл жеңіс пе? Жоқ. Өйткені кеніштің меншік иесі Дариға деген айтылуда. Ал, әлгі компания атын өзгерте салады. Және Ливанның елшісі арабтар қайтам десе мүмкіндік жасалатынын мәлімдеді. Егер қайтам десе?! Демек олар қайтпауы да мүмкін. Шу басылған соң басқа өндірістерге ауысады.

Не істеу керек? Ұлттың келешегі үшін ұлттық идеяға негізделген стратегиялық концептуальды әрекет керек. Анау жапондар 2-ші дүние соғысында жеңіліп, құдайға, күнге теңеген императорлары халқынан жылап кешірім сұрап, жасөспірімдерін суйцид, проституция жайлаған тұста ұлт жанашырлары нақты тұжырымдамалар жасады. Нәтижесінде 1960 жылдары қазба байлығы жоқ болса да дамыған елге айналды. 15 жылда?!

Біз отыз жылда демогогиялық 2030, Дамыған отыз ел, Мәңгілік Ел, Ұлы Даланың қырларын түгендеумен осындай халге жеттік. "Судың да сұрауы бар" дейді. Демек қарыздың да сұрауы бар.

Махмұт Қосмамбетовтың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір