Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2782 1 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:42

ЕО өкілі Могерини «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының ішкі саясат бойынша өкілі Федерика Могериниді бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

«Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық комиссияның вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могерини    І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын», - деп жазылған Президент жарлығында.

46 жастағы Могерини 2014 жылдан бері Еуропа одағы сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша өкілі қызметін атқарады. Сондай-ақ Еуропа комиссиясы төрағасының орынбасары.

2015 жылы желтоқсанда Қазақстан билігі және Еуропа одағы екі тараптың қарым-қатынасын кеңейту туралы жаңа келісімге қол қойған. Экономика, сауда сынды 29 сала бойынша серіктестік шарттары енген құжатқа Қазақстанның сол кездегі сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Могерини қол қойған.

Сарапшылар бұл келісімді Еуропа одағының Украина, Грузия және Молдовамен қол қойған келісімшартынан әлдеқайда әлсіз деп бағалаған.

Қазақстан билігі «Достық» орденімен Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Барроза марапаттаған. Баррозаға марапатты 2015 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыстаған.

Abai.kz

1 пікір