Жексенбі, 4 Желтоқсан 2022
1920 0 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:30

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз реформалардан қорықпаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының жаңа ғимараты мен Халықаралық арбитраждық орталығын ашу рәсіміне қатысты.

Жаңа ғимараттардың ашылу рәсімінде арнайы сөз алған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының дербес сот жүйесін қалыптастырудағы һәм заң үстемдігін сақтаудағы рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, экономикалық дамуға және инвесторларға сенім беретін бүл жүйенің (дербес Сот жүйесі) маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Біз заманауи, кәсіби және дербес сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитраждық орталығын ағылшын құқығы қағидаты негізінде құру арқылы біз «Астана» халықаралық қаржы орталығының институционалдық құрылымын жасауды аяқтаймыз. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамаларының бірін жүзеге асырамыз», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитраждық орталығы ағылшын құқығы негізінде құрылған. Президент Тоқаевтың айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және ондағы сот жүйесінің ағышлын негізінде құрылуы - бұл бірінше кезекте Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін жасаған қадамдарының бірі болып табылады.

«Біз мұның биік мақсат екенін түсінеміз. Ол тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімді, әртараптандыруды, жаңа инвестиция мен технологияны тартуды талап етеді. Біз реформалардан қорықпаймыз. Сондықтан, бұрынғы КСРО аумағында алғаш рет ағылшын құқығы сот төрелігінің жалпы жүйесі аясында елімізде табысты қолданылып отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Аталған ғимараттардың ашылуы рәсімі аясында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы стартап-жобаларды қолдау мақсатында атқарылып жатқан жобалардың көрмесін аралады. Бұл жерде исламдық қаржыландыру, адам капиталын өсіру, инновация мен цифрландыруды дамыту бойынша жобалармен танысты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысымен танысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2320
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1170
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1396