Дүйсенбі, 13 Шілде 2020
«13 шілде – Ұлттық аза тұту күні»
1127 0 пікір 1 Маусым, 2019 сағат 11:16

Жетісу кәсіпкерлері көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 үй алып берген...

Қазір елімізде көпбалалы аналардың мәселесін шешу күн тәртібіндегі кезек  күттірмейтін маңызды қадам болып тұр. Мемлекет тарапынан аналарға көрсетілер көмек түрі жыл сайын артып келе жатқаны рас. Ол үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың кешенді шарасы жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, кеше Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында “Алматы облысының әлеуметтік картасының мақсаттарын жүзеге асыру” атты баспасөз мәслихаты өтті. Онда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға барынша жағдай жасау мәселелері қарастырылған.

Бүгінде Алматы облысында 40409 (қырық мың төрт жүз тоғыз) көпбалалы отбасы бар. Олар 165 000 (жүз алпыс бес мың) бала тәрбиелеп отыр. Өңір басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасына орай, биылғы жылдың басында Жетісу өңірінің “Әлеуметтік картасы” жасалып, оған жергілікті бюджеттен 3,4 миллиард теңге бөлінген. Ол қаржыға Алматы облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “7-20-25” бағдарламасы бойынша 1 миллион теңгеден тұрғын үй сертификаттары беріледі. Ол үшін 300 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, өңірге газ тарту мәселесін шешу үшін көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға жеңілдетілген мүмкіндіктер қарастырылған. Ол үшін өңір бюджетінен 500 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, өткен жылы 10,5 миллиард теңге көлеміндегі ақшаға 238 мың адам әртүрлі көмектер алған.

Тағы бір айта кетерлігі көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларының жоғары оқу орындарына түсулері үшін жыл 100 грант бөлінеді. Ол үшін облыс бюджетінен 44,3 миллион теңге қарастырылған. Ал, қазір жетісу өңіріндегі аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 206 бала өңірлік бюджет есебінен білім алып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, бүгінде жалпы Жетісу өңірі бойынша, 179 450 оқушы бастауыш сыныптарда оқиды. Олардың 22 863 бала тегін ыстық тамақ ішеді. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 18806 бала 100 пайыз тегін тамақпен қамтылған.

Өңір басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы кешенді шараларының нәтижесінде Жетісу өңірінде 6955 көпбалалы аналар екі ай бұрын қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ие болған. Ал, мұндай жеңілдіктер өңірде осы уақытқа дейін 42 мың мектеп оқушыларына қарастырылған. Және, ол тізімге жоғарғы оқу орнында оқитын болашақ мамандар мен зейнеткерлер де кірген.

Сонымен қатар, Алматы облысының ата-анасынан айырылған 40 мың баламен қатар көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балалары сауықтыру маусымында жазғы демалыс орындарына тегін баратын болады. Ол үшін биыл өңірдегі балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыру жұмыстарын атқару үшін Жетісу жеріндегі 1521 лагерь мен алаңдар дайындалған.

Одан бөлек, 100 көпбалалы аналардың балаларымен бірге отбасылық демалыстарын ұйымдастыру да жолға қойлыған. Алғаш рет болатын мұндай сауықтыру шарасы санаторийлер мен демалыс үйлерінде жүзеге аспақ. Ол үшін меценаттар мен демеушілер тарту қарасытырлып жатқан көрінеді.

Айта кетер тағы біра жайт, биыл жыл басынан бері Жетісу өңіріндегі аудан, қала кәсіпкерлері көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында 60 үй алып берген. Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлінің айтуынша, өңір кәсіпкерлерін осындай игі істерге жұмылдыру алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жетісу өңірінің бірде-бір отбасы қамқорлықсыз қалмайды деген Әбдуәлі мырза мұндай бағыттағы жұмыстардың осымен шектелмейтінін айтты. Сонымен қатар, ол жұмыстар тұрақты бақылауға алынатын болады.

Жетісу жеріндегі көпбалалы аналардың мәселесін шешу жұмыстары осылай атқарылып жатыр. Енді алдағы уақытта да ана мен баланың мәселесін шешетін осындай іргелі істердің көп болуы болашаққа деген ел сенімін нығайта беретіні анық.

Abai.kz

0 пікір