Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3085 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 03:57

Жанат Асанқали. Ұйымдар ұлт тілінде сөйлемейді

Өткен ғасырдың 90 -шы жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Көп күттірмей Тәуелсіз Қазақстанға халықаралық ұйымдардың өкілдері лек-легімен келе бастады. Олар бірден елімізде өз жұмыстарын жүргізе бастады. Мемлекетті басқаруда халқының шынайы билігі қалай болатынын айтып, республика азаматтарымен түрлі кездесулер, іс-шаралар ұйымдастырып түсіндіріп жатты. Демократия құндылықтарын уағыздау жұмыстарын шетелдіктер шамалары келгенінше әу бастан қазақша жүргізуге тырысып бақты. Себебі, олар қазақтарды мемлекеттің іргетасын демократия құндылықтарымен бекітіп, өз болашағына ана тілдерімен барады деп ойлады. Сол кездері студент болып жүрген мен халықаралық ұйымдар өкілдері ұйымдастыруымен өтетін отырыстарға іздеп жүріп барушы едім. Барған жерімнен демократия құндылықтары жайында, қазақ тілінде шетел басылымдарында басылып шыққан әдебиеттерді алып, оқып жүрдім. Шараларды ұйымдастырған ұйымдардың таратқан түрлі  тақырыптағы қазақ тіліндегі әдебиеттері естелік ретінде менде осы күнге дейін сақтаулы. Естелік  дейтінім, халықаралық ұйымдар түгілі, бүгінгі күні еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар өздерінің істеп жүрген жұмыстары жайында қазақ тілінде кітапша да басып шығармайды. Демократияның негізгі ұғымдары, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары қазақ тілінде халық санасында өз үйлесімімен қалыптасып күшейгені мемлекет басшыларын шошындырды.

Өткен ғасырдың 90 -шы жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Көп күттірмей Тәуелсіз Қазақстанға халықаралық ұйымдардың өкілдері лек-легімен келе бастады. Олар бірден елімізде өз жұмыстарын жүргізе бастады. Мемлекетті басқаруда халқының шынайы билігі қалай болатынын айтып, республика азаматтарымен түрлі кездесулер, іс-шаралар ұйымдастырып түсіндіріп жатты. Демократия құндылықтарын уағыздау жұмыстарын шетелдіктер шамалары келгенінше әу бастан қазақша жүргізуге тырысып бақты. Себебі, олар қазақтарды мемлекеттің іргетасын демократия құндылықтарымен бекітіп, өз болашағына ана тілдерімен барады деп ойлады. Сол кездері студент болып жүрген мен халықаралық ұйымдар өкілдері ұйымдастыруымен өтетін отырыстарға іздеп жүріп барушы едім. Барған жерімнен демократия құндылықтары жайында, қазақ тілінде шетел басылымдарында басылып шыққан әдебиеттерді алып, оқып жүрдім. Шараларды ұйымдастырған ұйымдардың таратқан түрлі  тақырыптағы қазақ тіліндегі әдебиеттері естелік ретінде менде осы күнге дейін сақтаулы. Естелік  дейтінім, халықаралық ұйымдар түгілі, бүгінгі күні еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар өздерінің істеп жүрген жұмыстары жайында қазақ тілінде кітапша да басып шығармайды. Демократияның негізгі ұғымдары, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары қазақ тілінде халық санасында өз үйлесімімен қалыптасып күшейгені мемлекет басшыларын шошындырды. Мемлекеттік тілде қанатын жайып келе жатқан еліміздегі жас демократияға қарсы басшыларымыз әдейілеп орыс тілін қолданды. Жетпіс жыл бойы Кеңес өкіметінде бюрократия тілі ретінде қатайып алған орыс тілі - демократия құндылықтарын бірден жан-жақты ығыстыра бастады. Мемлекеттік іс жүргізуде басымдық алған орыс тілі, баяғы әкімшілік-әміршілдік дәстүрлерін күшейтіп, ескі билік номенклатурасын жандандырды. Басшыларымыз кешегі «генсектер» тіліменен қаруланып, жүрген жерлерінде ұрандатып тек уәделермен ғана жұмыс жүргізді.

Астана қаласында үкіметтік емес ұйымдар өткізетін түрлі шараларға қазір де барып қатысуға тырысамын. Халықаралық ұйымдардың қанаты астында немесе мемлекет тапсырмасымен жұмыс істеп жүрген еліміздегі қоғамдық ұйымдардың барлығы әлі де жұмыстарын орыс тілінде жүргізеді. Адам құқығын орыс тілінде қорғайтын еліміздегі қоғамдық және саяси ұйымдар менің құқығымды қорғайды дегенге мен сенбеймін. Сондай-ақ, ұйымдардың жұмыстарында шынайылық жоқ. Ұйымдардың мақсаттарына бөлінген қаражаттарды игеруге және демеушілеріне тек есеп берулері үшін жұмыс жасайтынға ұқсайды.

Астана қаласында халықпен қайнасып жұмыс жасап жатқан, Зауреш Батталова бастаған «Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» атты ұйымды ғана көремін.

Еліміздегі барлық ұйымдармен тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар өкілдері қазақ тілінде сөйлеп, оларға өнеге көрсетудің орнына іс-шараларда бір-бірімен орысша сөйлесіп жарысады.

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы 20 жыл өтсе де, заман талабы өзгерген жоқ. Орыс тілін жетік білмесең, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде «кеңсе адамы» болып жұмыс істей алмайсың.

«Халықаралық деңгейдегі мемлекеттік маңыздылығы бар құжаттар ресми тілден мемлекеттік тілге аутентті аудару барысында көп ұғымдар бір-бірімен сәйкеспейді» деп, өткенде Кәрім Мәсімов Министрлер кабинеті мәжілісінде мәлімдеме жасады. Менің ойымша, сәйкеспейтін себебі, осынша жылдар бойы лингвистикамен кім көрінген айналысып келеді. Сан ғасырлық тарихы бар кейбір сөздің өзіне ғана лайық және тиісті ұғымы (этимоны) болады. Ондай сөздерді жалпақ қара сөзбен алмастыру - сауатсыздық. Әртүрлі дәреже, шендерге ие болып алған қаптаған ғалымдар бар. Халықаралық ғылыми терминдер көмегімен ғылымды таныған ғалымдарымыз еліміздегі болашақ оқымыстылар үшін ғылыми сөздерді бүлдірмей, көзінің қарашығындай сақтап, қорғаулары керек.

Басты әңгімеге қайта оралып, қазақ азаматтарының саяси белсенділігі жайында айтсақ, туған елінде жүріп ұлтынан алыстап, рухани адасып, оқшауланып жүрген жандар жоқ емес, бар. Мәселен, «Мен еш партияда жоқпын. Ешбір сайлауға бармағанмын және бармаймын да.  Назарбаевқа хат жазсам, ол маған көмектеседі» деген сияқты сөздер айтатын немқұрайлы жандар елімізде толып жатыр. Ақын Тайыр Жароков кезінде: «Мың-мың қолдар, толқындата қимылда» деп, қазақты бірлікке шақырған екен. Мен де халықты ел өміріндегі саяси және қоғамдық белсенділікке шақырамын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір