Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
6741 26 пікір 30 Маусым, 2019 сағат 11:19

Бақытжан Ертаев: бізге қарап ит болып үріп жүргендер абай болсын

Бұл туралы Халық Қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Nur Otan» партиясының бейбіт шеруінде айтты.

«Біз шетелде отырып алып, еліміздің арасына лаң салып, дүрбелең туғызғысы келетіндерге жол бермейміз. Біз бәріміз бірігіп, осындайларды тоқтатуымыз керек. Отан үшін бірігу – біздің парызымыз! Біз Отанымызға кір келтірмейміз! Біз Отанымызды қорғаймыз! Сондықтан бізге қарап ит болып үріп жүргендер абай болсын», – деді Б.Ертаев.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында елдің арасына іріткі салып жүрген арандатушылардың қитұрқы әрекеттеріне қарсы халық бейбіт шеруге шықты. Қаладағы «Жерұйық» саябағына жиналған 1500-ден астам азамат тәуелсіздігіміздің тамырына балта шабатын жалған ұрандарымен елдің іргесіне сызат түсіруді көздейтін арам пиғылды Әбіләзов сияқты керітартпалардың әрекеттеріне қарсы өз ойлары мен пікірлерін ашық айтып жатыр.

Митингіге елдің ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтармен бірге бірқатар Парламент депутаттары және белгілі қоғам қайраткерлері де қатысуда. Бейбіт шеру деп аты айтып тұрғандай, мұнда ешқандай құқықбұзушылықтар орын алмай, барлығының заң аясында жүргізіліп жатқанын да атап өткен жөн.

Abai.kz

26 пікір