Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3036 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 02:56

Мұхтар Шерім. Қарыз алып неміз бар еді...

Досымның ақыл-есі бүтін болатын. Жын соққан ба, білмеймін, үйіне барсам, әйелін бұрышқа тұрғызып қойыпты, екі баласын столдың астына қуып тыққан, өзі жеті минут бұрын жынданған адамша аузы, басы қисаңдап, бөлме ішінде сенделіп жүр екен.

- Әбігер досым-ау, не болған саған?-дедім демімді жұтып.

- Қалай құтыламыз енді? Қалай? Соншама қарыз алып...

- Банктен несие алдың ба, не?-деп сұрадым мен.

- Е, жоға. Үкіметті айтамын да. Қытайдан жиырма миллиард доллар қарыз алыпты дейді! Жиырма миллиард! Ау, алдымен мың теңгедей қарыз алып, байқап көрмейді ме?

- Сенің нең кетеді-ей? Қарапайым ғана адамсың. Неменеге күйіп-пісесің?

- Бұл жынданған... Ойе-бо-ой,  ол өліп қалса енді қайтіп күн көреміз? Ойебо-ой...- деп әйелі зарлап келе жатыр еді, Әбігер досым ақырып қалды:

- Жылама! Бұрышқа бар! Бір аяғыңды көтеріп тұр. «Сенің не жұмысың бар?» деп тіліңді шығарғаның үшін!

Мен оны орындыққа отырғыздым. Жаным ашып кетті. Таң қалып та отырмын. Шенеуніктер мемлекеттік мүддені ойламай отырғанда, әшейін бір мекемеде күзетші болып істейтін досым елі үшін елеңдеп, шыр-пыры шығып отыр... Жүрегі ұстап, өліп қалмаса жарар еді. Маған десе, үкімет Қытайдан неғып қырық миллион доллар алмайды? Бір есебі бар да, қара қытайдың...

- Әбігер, досым менің... Сабыр етші... Қарыз алсақ, қайтарылар...

- Қарыздан жаман қорқамын осы! Мына қатыныма да айтамын, көршілерден қарыз ақша алма деп. Кеше 500 теңге қарыз алыпты! Неменеге алдың деймін?

- Ұ-ұмытып қалдым...-деді әйелі қорқа жауап беріп.

- Әне, неге алғанын ұмытып та қалады.

- Бәрініің зәресін алыпсың ғой. Қойсаңшы енді,-дедім мен досыма темекі ұсынып жатып.

- Шекпеймін! Сенен алған бес мың теңгеңді қайтара алмай жүргеніме жеті жыл, жеті күн, жеті сағат болды...

- Қойшы соны, мен ұмытып та кеттім...

- Сен біліп қой, былтыр қытайдан 19 миллиард қарыз алдық ә?

- Сен алған жоқсың ғой...

- Біз Қазақстан деген үйдің адамдарымыз! Соның 3 миллиардын Машкеевич бастаған Еуразиялық топқа берді. Ойбай- ау, бұл топ жекеменшік компания ғой, үкіметті араға салмай, өздері қарыз алсын! Машкеевич деген бір пәлеге қалдық!-деген досым бір табақ айранды басына төңкере салды... Көздерім атыздай болды. Шынында, менің досым жынданайын деген екен...

- Қарызға алған айраным, ойбай! Балаларым ішеді деген айраным менің, хош, хош!- деп аңыраған әйелі балаларына ым қақты. Сол екен, стол астында тығылып отырған балалары әкесінің бетіндегі айранды жалай бастады...

- Менің балаларым аш-жалаңаш. Енді сонша миллиард долларды қалай қайтарамыз? Осыны ойлап жүрген кім бар?

- Сен жынданыпсың, бауырым. Емделуің керек,- дедім мен.

- Тәуіп ертіп келіп едім...- деп міңгірледі әйелі,- оқытайын деп...

- Тәуібіңіз қайда?-деп сұрадым мен.

- Анау бұрыштағы бос сандықтың ішінде...-деді әйелі.

- Онысы несі?- деп өзім отыра салған ескі көк сандықтың үстінен атып тұрдым. Ішінен «біссімілләлап» ақ орамалды әйел шыға келді.

- Құдая беті құрысын, мына байыңның... Кіргеннен «Сонша миллиард қарыз алып неміз бар еді, неміз бар еді?» - деп айқайлағанда, мына бос сандықтың ішіне қалай кіріп кеткенімді байқамай да қалдым ғой...

Досым еңкілдеп жылап отыр... Менің де жылағым келіп кетті. Үкімет қарыз алған миллиардтарға емес, досымның ахуалына... Қабырғалары ырсиып кетіпті. Менікі сияқты... Шұлығы шұрық тесік.

- Неменеге тесірейіп қарайсыңдар? Кедейбек бауырым, өзің ойлашы, соншма қарыз тұрғанда, қалай ұйықтаймын?

- Сен не, премьерсің бе? Қойсай...

- Қоймаймын!-деген ол шәйнекті лақтырып кеп жіберді, тәуіп әйел басын бұғып қалмағанда, ана жаққа кетіп қалар ма еді... Сасқанынан:

- Сухан ала, су жағала,

Я біссімілла, шайтаны болса, сабала...-деп келе жатыр еді, Әбігер көздерін ежірейтіп:

- Мен жынды емеспін!-деп дауыстады,- просто ішім күйіп кетеді де... Сыртқы қарызымыз 121 миллиард доллар екен!  Жүз теңге болса мейлі, 121 миллиард доллар!  Бұдан қалай құтыламыз? Мұнай-газ саласын қара қытайлар жаулап алды! Біздің үлесіміз 18 пайыз ғана! Мұны естігенде мен қалай ұйықтаймын?

- Жыламашы...-дедім мен.

- Сен неге жыламайсың? Халық жаппай жылап отыр...

Досым шынымен жынданыпты... Тәуіпті де, мені де қуып шыққан соң,  әйелі «жедел жәрдем» шақыртыпты. Ауруханаға алып барыпты. Ол жерде де бас дәрігерді қылғындыра жаздап, «неге сонша доллар қарыз алдық?»-депті. Қазір жындыханада жатыр... сап-сау жүрген еді... Айтпақшы, жарты шелек бензин қарыз бере тұрасыз ба? «Е?» дейді ғой... Банктегі несиемнен өртеніп өліп құтылайын деп едім... Негізі, жақсы жанамын мен... Қу сүйекпін ғой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596