Жұма, 29 Наурыз 2024
Экономика 6483 0 пікір 28 Маусым, 2019 сағат 15:20

«Астана» қаржы орталығы – жаңаша дамудың кіндігі

Уақыт өткен сайын Астана қаржы орталығының жұмысы қарқын алып, о бастағы елдің инвестициялық жүйесін жақсартып, қаржы саласын жан-жақты дамытуды көздейтін өз бағытында күш алып келе жатыр. Қаржы орталығының осыған дейін өткізген көптеген халықаралық шаралары орталық халықаралық беделін көтеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар Қазақстанды әлемдік қаржы нарығында кеңінен танытып келеді. Әзірге Орта Азияда баламасы жоқ бірден бір орталық өз жұмысында түрлі тарапта, кең ауқымда және халықаралық қаржы институттары мен мамандарын тарта отырып жүргізіп келеді. Қаржы орталығы Орталық Азия, Кавказ республикалары, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моңғолия мен Еуропа секілді орасан аумақты қамтитын әлемдік қаржы орталығына айналуға ұмтылып отырғанын айта кету керек. Осы мақсатта ондаған халықаралық жиындар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Мәселен, 1-4 шілде аралығындағы өтетін халықаралық кезекті іс-шараның аясында Халықаралық арбитраж орталығы сотының ресми ашылу болады. Осы жерде соттың ерекшелігінде айта кеткен жөн. Өйткені, бұл сот қаржы орталығы арқылы келетін инвесторлар үшін өте маңызда нәрсе. Мысалы, Қазіргі таңда дүниежүзінде екі негізгі құқықтық жүйе бар. Оның бірі – конституция мен заңдардың баптарына сүйенетін роман-германдық, екіншісі – ағылшын саксондық құқықтық жүйе. Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы ағылшын-саксондық жүйені таңдады. Мұның да өз сыры бар. Табиғаты қазақтың билер сотына келетін ағылшын құқық қағидатының артықшылығы көп. Инвесторлардың қаржысын негізінен аталған жүйемен жұмыс істейтін қаржы институттарына сеніп құятыны сондықтан болса керек. Ағылшын заңы барлық халықаралық қаржы орталықтарында, Дубай, Гонконг, Лондон, Нью-Йорк­те қолданылады. Ал Астана қаржы орталығы ТМД елдері арасында ағыл­шындық құқық қағидатымен жұ­мыс істейтін тұңғыш қаржы институты болып отыр.

Орталық қаржы-инвестиция және жекешелендіру арқылы инвестиция тарту, халықаралық банк, қаржы ұйымдарымен тығыз байланысынан басқа атап айтар өз артықшылықтары бар. Мәселен, АХҚО Seedstars және MOST бизнес-инкубаторымен бір­ле­сіп, Fintech Stars халықара­лық ак­се­лера­циялық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында 10 стартап-жобаны қаржыландырылып, кәсіпкерлер өз саласындағы ең үздік сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Осының артқасында олар бизнес-үдерісті қалай дұрыс жүзеге асыру және бәсекелік нарықта қалай жұмыс істеу керектігін үйренді. Бағдарламаның білім беру бөлігі тиімді әрі сәтті стартаптарды дамытудың таптырмас тәсілі болды.

Астана қаржы орталығы қазірдің өзінде әлемдік қаржыгерлердің, банктердің қаржы саласындағы жаңа технологиялар мен тың бастамалар, идеялардың ортасына айналып үлгерді. Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және орталық арқылы Қазақстан қаржы, банк, инвестиция саласына таң серпін беру үшін дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан халықаралық іс-шаралардың берері мол екенін уақыт өзі дәлелдеді.

Басты міндеті – қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвести­циялар тартуға жәрдемдесу, еліміздің бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамыту болып отырған орталық аталған міндеттерді біртіндеп іске асырып қана қоймай, халықаралық сенімді әрі беделді қаржы орталығына айналып үлгерді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621