Жұма, 29 Наурыз 2024
2891 0 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 13:40

#АрысБізБіргеміз. Алматыдан гуманитарлық көмек керуені аттанды

Алматы қаласы мәдени ошақтарының гуманитарлық көмегі Арысқа жолға шықты.

Көмек керуені Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ғимараты алдында жиналып, сол жерден аттанды.

“Біз арыстықтардың басына түскен қайғыға ортақтасып отырмыз. ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бастамасымен қаладағы бүкіл мәдени және спорт ошақтары бірігіп қолұшымызды беріп жатырмыз. Мұндай қиын жағдайда тыс қалуға болмайды. “Бірлік бар жерде - тірлік бар”, дейді. Сондықтан Құрманғазы атындағы консерватория, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркесторы, Әуезов атындағы драма театр, архив мекемесі сияқты қаладағы барлық мәдени ошақтар көмек жинап, жолға шығып барамыз. Халықтың жағдайын өз көзімізбен көріп, оларға материалдық, рухани қолдау көрсеткіміз келеді. Негізі екі штаб құрылған, біреуі біз болсақ, екіншісі Жүргенов атындағы өнер академиясында. Олар жолға ертең шығады”, - дейді консерваторияның ректоры Арман Жүдеваев.

Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары оркесторы директорының орынбасары Мұхамбед Ашхатұлы арыстықтарға қазір моралдық қолдау көрсету өте маңызды деген ойын білдірді.

“Дүйім ел-жұрт болып көмектесіп жатқанда бізге қол қусырып отырған жарамайды. Шамамыз келгенше материалдық және моралдық қолдау көрсету мақсатында жолға шығып барамыз”, - дейді ол.

Бір микроавтобусқа гуманитарлық көмек тиелсе, енді біріне өнер адамдары тиелген керуен Арыс қаласына аттанып кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593