Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3072 0 пікір 2 Шілде, 2011 сағат 06:20

Астана елорда күнін тойлауды бастауда

Астанада 1 шілдеден бастап Қазақстанның елорда күнін атап өтуге арналған іс-шаралар басталуда.
Алтыншы шілдеде ел жаңа астананың 13-ші туылған күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай елде бірқатар мерекелік іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Елорда күнін тойлау  бағдарламасы «Бәйтерек» мультипликациялық фильмінің тұсаукесерімен ашылады.

«Аталмыш фильмдегі басты нысан жалпақ жұртқа танымал «Бәйтерек» монументі. Сюжет желісі бойынша фантастикалық теріс күштер Тәуелсіздік күні мерекесіне балта шаппақ болады. Дұшпандар жоспар бойынша Бейбітшілік пен молшылықтың белгісі болған «Бәйтерек» өмір ағашының ұшар биігіндегі алып Самұрық құсының Күн тәрізді Алтын түстес жұмыртқасын ұрлауы тиіс. Сол арқылы әлемге Аласапыран мен Астан-кестен орнатпақ болады», - ден келтірілген Астананың ресмий сайтында.

Күннің екінші жартысында «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі өтеді.

Сонымен қатар, бірінші шілдеге "ASTANA" Халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің ашылуы жоспарланған.

Мерекелік бағдарламаның алғашқы күні «Iнжу Маржан» концертімен жабылады

АСТАНА, 1 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА.

0 пікір