Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5790 4 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 11:10

Түбінде жауап бересің!

Қырғыз елінің бас прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғауға жол ашу үшін қол сұғылмаушылық иммунитетін алып тастауы мүмкін. Депутаттық комиссияның айыптауы мен бас прокуратураның қорытындысы төмендегідей:

1. Депутаттар, соттар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдерін қудалады дегенге негіз жоқ. Ол үшін Атамбаевтың кінәсі дәлелденуі керек.
2. Қой-Таш ауылындағы жерді тартып алып, Атамбаевтың үй салғаны. Аса ауыр қылмыс жасады деген деректер бар.
3. Қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатып жіберу. Аса ауыр қылмыс жасады деген деректер бар.
4. Заңсыз байыған. Аса ауыр қылмыс жасады деген деректер бар.
5. Бішкектегі жылу электр стансасын жаңарту кезінде жемқорлыққа жол беру. Аса ауыр қылмыс жасады деген деректер бар.
6. Бішкектегі жылу электр стансасына көмірді заңсыз жолмен жеткізуге қатысы бар болуы мүмкін. Аса қауіпті қылмыс жасады деген деректер бар.
Алмазбек Атамбаевтан қол сұғылмаушылық иммунитетін алып тастау үшін Жоғарғы Кеңестің 100 депутаты қолдап дауыс берген. 5 адам қарсы болған. Әлі осындай 8 кезеңнен өткенде барып, нақты қорытынды шығады.

Қырғыз елінде бұрынғы президент дәрежесі Роза Отынбаева мен Алмазбек Атамбаевта бар. Тақтан тайдырылған Асқар Ақаев пен Құрманбек Бәкиев президент дәрежесінен айырылған деп саналады.

Ал бүгін, Армениядан жеткен ақпаратқа жүгінсек, 25 маусымда Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян қамауға алынды.

Мәди Манатбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір