Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3206 0 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 11:07

Мемлекет басшысы Моңғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.

– Біздің Моңғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар, – деді Мемлекет басшысы.

Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі.

Abai.kz

0 пікір