Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2621 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 02:57

Сергек Ерсайын. Суыт хабар!

Ақтөбедегі ұлтшыл азаматтар ертемен хабарласып, мынадай суыт хабар жеткізді:

- Естідіңдер ме, бізде қарулы шайқас болып жатыр. Шұбарда елу шақты, далалы жерде де соншама уахабшылар мен полиция шайқасуда. Алдыңғы күні түнде екі сақшы қаза тапқан болатын. Енді кеше арнайы қызметтің бес жігіті ауруханаға түсіп, біреуі қайтыс болды. Кеңқияқта өкіметке қарсылық күшейіп барады. Бүгін ол жаққа ішкі әскерді кіргізетін шешім қабылданыпты. Бірақ, халықты қарсы қойып аламыз ба деген қауіп бар. Себебі, Шұбардағы (Темір ауданының орталығы) қыз-келіншектің жартысынан көбі хиджабпен жүреді. Елді бетімен жіберіп алып, енді осындай жағдайға ұрынып жатырмыз... Жұрт абыржулы...

Абай-ақпарат.

0 пікір