Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3427 0 пікір 1 Шілде, 2011 сағат 11:33

Кедендік одақтың саяси бірлестікке айналуына түбегейлі қарсымыз!

Бүгін - еліміз кедендік одаққа енді. Елдегі бірқатар жастар және қоғамдық ұйым өкілдері Алматыдағы Ресей елшілігінің алдына қазақ билігінің осы бір саяси-экономикалық қадамына қарсылықтарын танытып, арнайы акция өткізді. Төменде акция ұйымдастырушылардың мәлімдемесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Мәлімдеме

Бүгін, яғни 1 шілде күні, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің Кедендік одағы ресми түрде жұмысын бастайды. Экономистер, сарапшылар мен ғалымдар бұл одақтың біздің елдің экономикасына қандай зиян келтіретіні туралы ашық жазды, қоғам талқысына салды. Қазірдің өзінде жанар - жағармайдың, азық - түліктің және шетелдік көліктерге салынатын баж салықтарының бағасы шарықтады. Ал бұл әңгіменің басы ғана.

Бірақ, ең қауіптісі - Кедендік одақтың саяси бірлестікке айналуы. Мемлекетаралық комиссияның төрағасы Павел Бородин «КО - ның негізінде 2017 жылы КСРО - ны жаңғыртамыз» деп мәлімдеді. Сонымен бірге, Кеден одағына мүше елдерде ортақ валюта, ортақ төлқұжат болады деген мәлімдемелер де ашық айтылуда. Кеден одағы елдерінің шекарасын Ресей әскері күзетеді, бұдан былай шекара деген атымен болмайды дегенді естідік. Бір сөзбен айтқанда, Кедендік одақ Қазақстанды тәуелсіздіктен айыруға бағытталған бастама екеніне осындай болжамдардан - ақ айқын көз жеткізуге болады.

Біз экономикалық негізде құрылған Кедендік одақтың саяси бірлестікке айналуына түбегейлі қарсымыз! 2017 жылы да, одан кейін де КСРО - ның қайта жандануына, еліміздің тәуелсіздігін тәрік етуге жол бермейміз!

Кедендік одақ жұмысқа кірісті, бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қазір бұл экономикалық одан деңгейіндегі орган. Бірақ, кез келген экономикалық одақтың бірте - бірте саяси одаққа айналатын заңдылығы бар. Кедендік одақтың да осы негізде құрылмағанына кепілдік бар ма? Жоқ!

Біз, жастар ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері, Кедендік одақты ары қарай саяси бірлестік деңгейіне көтермей, бұл органды саясиландырмай, тек қана экономикалық одақ ретінде сақтауды талап етеміз. Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, Кедендік одаққа қарсы көптеген іс - шараларды ұйымдастыратынымызды мәлімдейміз.

Азаматтық қоғам өкілдері

0 пікір