Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3766 0 пікір 1 Шілде, 2011 сағат 10:15

Серік Жолдасбай. Алаш қаласынан Астанаға дейін

Арғы тарихты айтпай-ақ бергі, яғни, ХХ-ғасырдан бастап Қазақ астаналарын санасақ бірнеше саусақты бүгуге тура келеді. Семей мен Орынборды, Қызылорда мен Алматыны, сондай-ақ қазіргі Астананы есепке алсақ, жұдырығымыз түйіледі екен. Баршаңызға белгілі 6 шілде күні елордамыз Астана мүшел жасқа толады. Осы ретте бір кездері Қазақтың астанасы болған шаһарларға жеке-жеке тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

Хандық басқару жүйесі күйрегеннен кейін заманауи бағытта мемлекет құрған алаш арыстары астана мәселесіне айрықша көңіл бөлген. Нақтырақ айтсақ, 1917 жылы 5 мен 13 күндері Орынборда өткен жалпықазақ құрылтайында Алашорда автономиясы тарих сахнасына шықты. Аталмыш мемлекет Орынборда құрылғанымен оның уақытша астанасы Семей қаласы болғанын көпшілігіміз біле бермейміз. Айтпақшы Семейдің атауын алашордашылар Алаш қаласы деп атағынын тарихи деректер айғақтайды. Демек, Алашорданың астанасы Алаш қаласы болғанын сыңар езу біреу болмаса ешкім жоққа шығара қоймас. Әрі-беріден соң, Алашорда мемлекеті 2 жыл 3 ай өз тәуелсіздігін сақтап тұрғанын ескерсек, Семейдің де осынша уақыт астана болғанын ұғар едіңіз. Өкінішке қарай Семей қаласын ресми түрде астана ретінде  танымай отырғанымыз елдігімізге сын болып отыр. Кейбір мақалаларда «алғашқы астанамыз Алаш қаласы» деп жазылғанымен үнемі айтылып, насихаттала бермейді. Алдағы уақытта осы олқылықтың орны толар деген үміттеміз.

Төрт жақта қыспақта қалған Алашорда автономиясының басшылары Кеңес үкіметін мойындауға мәжбүр болады. Әлихан Бөкейханның өз орынтағын қорғау жолында соңғы қазақ қырылғанша әрекет етуіне болар еді.  Әйтседе ол мұндай «төтен ерлікке» бармады. Алаш ардақтысы «Жігітке жараспайды төтен ерлік» деген бабаларының өсиетін мықтап еске ұстаса керек. Әйтпесе, ол, қарақан басының қамын күйттеген жоқ, қараша халықтың амандығын ойлады. 1920 жылы Қазақ астанасы ретінде Кеңес үкіметі Орынбор қаласын таңдап алады. Көп ұзамай, яғни, 1925 жылы астана болу бақыты Қызылордаға бұйырды. Астананы Ақмешіт қаласына ауыстыру өз заманында оңай болмағанға ұқсайды. Қазақ астанасын елдің ішіне көшіру керектігін дәлелдеу үшін Сұлтанбек Қожанов аз тер төкпеген. Қожанов «астана  Қазақтың ұлттық мемлекеттігі»,  дей келе, - ең алдымен үйлері жанға жайлы әдемі қалаға емес, қазақ еңбекшілеріне нақты қамқорлық жасай алатын орталыққа ғана зәру,  деп мәлімдеді. Астана деген дәрежені иемденген Қызылорда айналасы бірнеше жылдың ішінде қайта түлеп, көркейіп, өсе түсті.

1929  жылы ел астанасы Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. Іле Алатауының теріскей бөктерінде сонау орта ғасырдың басында алманың иісі аңқыған «Алмалық» атты қала болғаны белгілі. XIX ғасырда аталмыш қалаға орыс отаршылардары «Верный» атты әскери бекінісін салады. 68 жыл бойы астана болған Алматы шаһары  ұлы оқиғалардың орталығы болды. Солардың ішінде азаттық алуымызға себепкер болған 1986 жылғы желтоқсан ұлт азаттық көтерілісі. Аталмыш ұлт азаттық көтерілістен кейін бірнеше жыл өткен соң Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Осы азаттықтың арқасында 1998 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

Алашордшылардың астананы уақытша Алаш қаласы деп көрсетуі тегін емес екен. Алаш арыстары астананы түбінде Сарыарқаға көшіруге әрекеттенгенін аңғарамыз. Ол туралы Еуразия ұлттық университетінің студенттермен кездесуінде «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин жан-жақты мағлұмат берген. Ерекең: «Сіздер білесіздер ме, Астананың құрылысы неден басталып еді? Астана құрылысы Кенесары ескерткіші мен Еуразия ұлттық университетін салудан басталды. Осы екі нысанның құрылысы өзгелерден бірінші болып саналы түрде басталды ма, әлде кездейсоқтық па, мен оны білмеймін. Хан Кененің ескерткішінің бірінші болып қолға алынуының бір сыры бар. Әріптесім Берік Әбдіғалиев Кенесарының қазіргі Астананың орнында болған бекіністі ала алмай өкініште кеткенін, енді мына бейбіт күнде оны біздің алғанымыздай сезіледі деп айтатыны бар еді. Сол сияқты алдымен ең соңғы ханымыздың ескерткішін салуымыздың өте үлкен мәні бары екенін жиі айтуымыз керек. Астананың символы тек Бәйтерек қана болмауы тиіс. Екінші, елдің тізгінін ертең болашақ жастар ұстайды»,  дей келе, - «Кезінде Алаш қайраткерлерінің бірі «Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп хат жазған. Міне, көрдіңізбе, олар сол кезде осы күнді армандаған. Қараөткел деп отырғаны  осы Астана. Алаш арыстарының арманын бүгін біз іс жүзіне асырып отырған сияқтымыз. Бүгінгі буын кешегі арыстардың осы арманын жан-тәнімен ұғуы керек»,  деп пікір білдіреді.

Бүгінде алаш арыстары армандағандай дербес мемлекет болдық. Тіпті «Қараөткелде» бір емес, бірнеше университет те салдық. Әйтсе де біз алашордашылардың «арманын жан-тәнімізбен ұға» алдықпа? Ұға алсақ неге алғашқы астанамыз Алаш қаласын ресми түрде мойындамай отырмыз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір