Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3367 0 пікір 1 Шілде, 2011 сағат 08:13

Нұра Матай. Империяның жалауын емес, туын көтерсе де тулайтын ел емеспіз!

Қазақтың киіз үйін қаңғыбастардың баспанасы деп «әйгілеген» Көкшетаудағы орыс диаспорасы ойына келгенін істеуге бір жола көшкен сияқты. Маусым айында басталған «Имперская ленточка» акциясын енді олар қазақ даласын көктей өтіп өткізуді қолға алып жатыр.  Акцияшылар «Қазақстанның қай қаласында, қандай елді мекенінде орыс бар, сол жердің бәрінде«Имперская ленточка» желбірейтін болады» деп отыр. Бұл турасында www.russianskz.info сайты қуана хабар таратуда.  «Имперская ленточка»  яғни «Империя жалаушасы»  - Ресей туының шағын түрі. Жалаушаны қолына ұстағандар «Мы любим Россию - своё Отечество» деген ұранмен еліріп алғанға ұқсайды. Осы арада «Орыс отанын сүйетіндер қайда тұрып жатыр?» деген мінәйі сұрақ тууы мүмкін. Бірақ, Қазақстан сияқты көпұлтты, көпконфессиялы, көп тілді, қолы босай қалғаны қазақты ғана қорлайтын елде әлгіндей сұраққа жауап қайтарылмайды. Тіпті сондай сұрақты қоюдың өзі ыңғайсыз. Алайда акцияшылар аттандап бағуда.  
Қазақстандағы «ЛАД»  славян қозғалысы жетекшісінің орынбасары Пётр  Кузьменконың сөзіне сенсек, біздегі орыс диаспорсының жағдайы жаныңды жабырқататаны көрінеді. Ол аталған шара туралы ағытыла келіп былай дейді:

«Никакого давления на нас, прямого и опосредованного, мы не потерпим. Акция будет продолжаться. «Имперская ленточка» не более чем символ, не несущей никакой политической и идеологической нагрузки и связанный с великой и богатой историей нашего Отечества - России. В её основе верность Вере православной, почитание властей и любовь к родной земле и своему народу. Это напоминание о том, что мы не «Иваны, не помнящие родства», а наследники мировой цивилизации, где бы мы, русские, при этом не жили. Хоть в Зимбабве, хоть в джунглях Парагвая. Эта символика нас укрепляет в наших духовных ценностях, в русской традиции и не позволяет национально размываться в глобализирующемся, бездуховном  мире, антиподом которому является Русский мир, с его высокой православной доминантой.

Особо хочу отметить, что эти попытки давления на нас имеют под собой идеологическую задачу. В Казахстане заметно меняется межнациональный фон, набирает рост националистическая риторика, где проявление национально-культурной русской «самости» воспринимается как вызов казахскому доминированию во всех сферах государственной жизни. И здесь просматривается отчётливое желание русских в республике «пригнуть», подавить морально-психологически и лишить русское «нацменьшинство» социальной энергии».
www.russianskz.info сайтының жазуына қарағанда  жалау көтеріп жалаңдағандарды Ассамблея мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамдары шақырып алып «профилактикалық» әңгіме өткізген көрінеді. Бірақ ондай әңгіме мен кедергіге қыңбаймыз дейді Кузьменко. Ал, турасына жүгінсек, «Имперская ленточканы» итеріп отырған ешкім жоқ.  Өйткені біз империяның жалаушасын емес, пиғылы жат пенделер империяның туын көтеріп жүрсе де тулайтын елдіктен кетіп барамыз.

"Абай-ақпарат"

0 пікір