Сенбі, 4 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
46 - сөз 1446 3 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 11:48

Құлдық қақпалары алынсын, Сәлімов мырза!

Семей қаласының тариxын іргетасы 1718 жылы қаланған әскери бекінісіпен байланыстыруға болмайтыны мәлімделген. Тариxшы, ғалымдар дәлелдеген.

Былтыр 300 жылдықты тойлауды зиялы қауым бастап, әкімшілік қостап бас тартқан болатын. І Петрдің шығыс аймақтағы жерлерді қорғау туралы әйгілі жарлығына және Ертіс өңірі бекіністерінің салына бастауымен байланыстырылған тариxтың шеңбері өте тар.

Енді, қаламыздың қай бұрышынан кірсең де көзге түрпідей тиетін төмендегі "Семей-1718" деген жазулар алынса деп ойлаймын. Өйткені жас ұрпақ, алыс-жақынан келетін қонақтар қала тариxы 300-ақ жыл екен деп ойлап қалауы бек мүмкін. Құлдық, бодандық белгілері де сүйекке таңба.

"Киелі мекен" деген ұғымды білдіретін шаhарымыздың терең тамырына балта шаппайық.

Қала әкімі Ермак Сәлімовтың назарына!!!

Мерей Қарттың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір