Жұма, 29 Наурыз 2024
3054 4 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 10:54

"Мен өзгердім": Гүлнара Каримова шетелдік банктердегі ақшасын қайтаруға дайын

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара қазіргі президенттен кешірім сұрады. Ол шетел банктерінде жатқан 686 млн долларды қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Каримованың бұл уәдесін инстаграмда оның қызы Иман Каримова жариялады.

"Өзбекстан аумағындағы менің барлық активтерім қазір өзіме тиесілі емес. 1,2 млрд доллар қаражат республикалық бюджетке қызмет етіп жатыр", - деген Каримова.

Ол сонымен бірге шетелдегі банктердің есеп-шоттарындағы ақшадан да бас тартуға дайын екенін жазған: "Менің өтінішім бойынша адвокаттарым 131 млн және 555 млн долларды меншігімде қалдыру арызымды қайтарып алды".

"Қазір мен денсаулығыма алаңдаймын. Маған екі бірдей операция жасау керек. Сол үшін президенттен көмек сұраймын",- дейді Каримова.

Швейцариялық адвокаты Грегуар Манже твиттерге оның денсаулығы нашарлап кетті деп жазған.

Каримова Ташкент түбіндегі Зангиата ауданындағы № 21 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Биыл наурыз айында оны үйқамақтан түрмеге ауыстырған.

2015 жылы Каримоваға қарсы Швецияда, Швейцарияда және АҚШ-та миллиардтаған доллар пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. 2017 жылдың желтоқсан айында Өзбекстанда Гүлнара Каримованы 53 млн доллар шығын келтірді деген айыппен 10 жылға соттаған. Бірақ апеллияциялық шағымнан кейін жазасын жеңілдетіп, 5 жылға үйқамаққа ауыстырған. Бірақ кейін үйқамақ тәртібін бұзды деп қайта түрмеге жапқан.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594